28
April
2022
Жаңа жыл мерекесі
Инклюзияны қолдау кабинетінде 2021 жылдың 27 желтоқсанында жаңа жылдық мереке өткізілді. Жаңа жылдық мерекеге арнап ИҚК мамандары оқушыларымызға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырып жақсы көңіл -кhouseсыйласа, «ВОСТОКУГОЛЬПРОМ» жергілікті кәсіподақ ұйымының басшысы Кенженов Нурлан Муталлапович жаңажылдық шырша кешін өткізуде безендіру жұмыстарына қаражат бөлсе, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының басшысы Бекенов Нуржан Куанышбекулы оқушыларымызды мерекелік сыйлықтармен қуантып, көмек қолын созды.Осындай атаулы мерекелік іс-шаралардың өтуіне ат салысқан демеушілерімізге алғысымызды айтамыз.











