08
March
2021
8-наурызға арналған мерекелік сынып сағаттары
8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай бастауыш сыныптарда "Айналдым АНА деген үш әріптен", 5-7 сыныптарда "Қыз бала - гүл", 8-11 сыныптарды "Барлығы сіздер үшін Асыл жандар!" тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Бастауыш сыныптарда өткен мерекелік онлайн тәрбие сағаттарына ардақты аналар қонақ болып қатысса, орта буындағы сынып сағаттарын сынып ұлдары арнайы қыздарға арнап өткізді. Ал жоғарғы сыныптар өздерінің жылы лебіздері мен құттықтауларын ұстаздарына арнады.


















