01
May
2021
"Қазақстан - көп ұлтты мемлекет" 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес сыныптан тыс іс-шаралар өтті. Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан астам ұлт өкілдеріне ортақ, құтты мекен. Сол себепті де 2 мамыр - халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Атаулы мерекеге орай "Қазақстан - көп ұлтты мемлекет" тақырыбында сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылып, оқушыларға ұлт өкілдері арасындағы достық, татулық, ынтымақтастық қасиеттері түсіндірілді. Әр ұлттың салт-дәстүрі мен тарихына бағытталған шаралар ұйымдастырылды.






























