01
September
2020
1 қыркүйек-Білім күні!
1 қыркүйек – Білім күніне «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында 1-11 сыныптарға онлайн тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаты барысында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойының аталып өтуі жайында және Ата Заңымызға 25 жыл толуына орай мәліметтер айтылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында «Қожа Ахмет Ясауи: адалдық жолында» тақырыбында адалдық сағаттары өткізілді.




