About school » Страница 19 » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Municipal public institution
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Semey district
Reception room :
+7(7222) 52-18-64
bookkeeping:
+7(7222) 52-18-64
Version for
visually impaired
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
21
December
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Биылғы оқу жылы мектебіміз үшін табысты жыл болды. Осылардың ішінде ерекше маңызы бар - пәндік олимпиада жүлдегерлері. 5-6-сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен 6"А" сынып оқушысы Амантаева Мөлдір ағылшын тілінен жүлдегер атанды. Білімді оқушымызды жүлделі ІІІ орын алуымен құттықтаймыз! Пән мұғалімі - балаларға сапалы білім беріп, қабілеті мен дарының шыңдап жүрген білімді ұстаз, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нуракаева Зульфия Нурахмановна.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
19
December
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Республикалық "Тәуелсіздік-жыр, әнім" балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауының көркем сөз жанры бойынша І орын иегері 10"А" сынып оқушысы Шәкіртова Сананы және жетекшісі Абиленова Мейрамгүл Аленовнаны құттықтаймыз!   
Сынып жетекшілер отырысы
13
December
2020
Сынып жетекшілер отырысы
11 қараша 2020 жылы кезекті сынып жетекшілер отырысы өтті. Отырыстың тақырыбы "Сынып жетекшілерді қашықтық оқыту кезеңінде психологиялық қолдау". Мектеп психологы Ж.Қ.Абаева сынып жетекшілерге күш жігерді, өз-өзіне сенімділікті арттыру мақсатында кеңес беріп, танымдық сағатын өткізді. Сонымен қатар күн тәртібінде І тоқсандағы атқарылған тәрбие жұмыстарына талдау жасалып, ІІ тоқсанның мақсат, міндеттері айтылды.
Парасатты отбасы
10
December
2020
Парасатты отбасы
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, отбасы құндылықтарын насихаттау, бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынас қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны анықтау мақсатында ұйымдастырылған "Парасатты отбасы" облыстық байқаудың қалалық кезеңіне мектебіміздің 9"А" сынып оқушысы Шаймарданова Ақеркенің отбасылық видеоролигы жолданып, марапатқа ие болды. Құттықтаймыз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
09
December
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Мектебіміздің дарынды, өнерлі оқушыларын және музыка пәнінің мұғалімі, "Жайна, СамғаІ" ән-би үйірмесінің жетекшісі Толқынбек Жайнагүлді Республикалық «DARA ZHULDYZ» ONLINE ән байқауына қатысып, жоғары дәрежелі марапатқа ие болғандары үшін құттықтаймыз! 
11 сынып ата-аналар жиналысы
09
December
2020
11 сынып ата-аналар жиналысы
8 желтоқсанда 11"А" сыныбына ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде қазіргі 11 сынып оқушыларының қашықтық сабақтарға қатысу деңгейіне сараптама жасалды. Сонымен қатар қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары, UNT-ға байланысты енгізілген өзгертулермен таныстырылды. 
Бастауыш сынып апталығы
28
November
2020
Бастауыш сынып апталығы
Қараша айының 23-27 аралығында бастауыш сыныптар апталығы өтті. Апталық барысында мұғалімдер кезекші және қашықтан оқып отырған топтармен жаңартылған білім беру мазмұнындағы әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
19
November
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Мектебіміздің мақтанышы 7"А" сынып оқушысы Ақылбеков Бақтиярды салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін және қалалық "Мы за здоровый образ жизни" қашықтық марафонынан алған марапатымен құттықтаймыз!
Педагогикалық кеңес
14
November
2020
Педагогикалық кеңес
13 қараша 2020 жылы жоспарлы педагогикалық кеңес өтті. "Жаңартылған білім мазмұны бойынша нәтижеге жету жолдары" тақырыбында өткізілген педагогикалық кеңесте І тоқсандағы білім сапасы, оқу-тәрбие саласындағы атқарылған жұмыстар нәтижесі, ерте жастан ағылшын тілін оқыту мәселелері, педагог еңбегіндегі инновациялық қызмет туралы талқыланды.
Педагогикалық кеңес
14
November
2020
Педагогикалық кеңес
13 қараша 2020 жылы жоспарлы педагогикалық кеңес өтті. "Жаңартылған білім мазмұны бойынша нәтижеге жету жолдары" тақырыбында өткізілген педагогикалық кеңесте І тоқсандағы білім сапасы, оқу-тәрбие саласындағы атқарылған жұмыстар нәтижесі, ерте жастан ағылшын тілін оқыту мәселелері, педагог еңбегіндегі инновациялық қызмет туралы талқыланды.