Тілдер апталығынан көріністер
«Ұлтының Ұлы Ұстазы»
5-9 қыркүйек 2022 жылы «№36 ЖОББМ» КММ-де тілдер апталығы өткізілді.
Мақсаты: қазақтың ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын қазақ , орыс,ағылшын тілдерінде насихаттау арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ұлы тұлғаны құрмет тұту, тәрбиелеу. Жоспарланған шаралар ұлттық жазудың реформаторы , тіл білімінің негізін салушы, әдебиеттанушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына бағытталды. Қазақ тілінде 5-11-сыныптар арасында «Дара тұлға» атты танымдық конференция, 5-8-сыныптар арасында «Мен Ахмет шығармаларын қызыға оқимын» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы, орыс тілінде « В мире инсценировок» атты Ахмет Байтұрсынұлының орыс ақындарынан аударған шығармалары негізінде 5-8-сыныптар арасында сахналық қойылымдар ,7-9-сыныптар арасында ағылшын тілінде «Ахмет және оның ұлы еңбегі» атты дөңгелек үстел , «Ахмет шығармаларының кейіпкерлері» атты сурет көрмесі, «Ахмет қазақ тарихындағы ірі интеллигент» атты Ахмет Байтұрсынов шығармаларына электронды кітап көрмесі, бастауыш сыныптарда «Ахмет және тіл» сыныптан тыс іс-шаралары мазмұнды өтті. Тілдер апталығы 8-11-сыныптар арасында « Ахмет- қазақтың ұлы тұлғасы» атты кешпен қорытындыланды.










