Schoolchildren » Страница 8 » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Municipal public institution
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Semey district
Reception room :
+7(7222) 52-18-64
bookkeeping:
+7(7222) 52-18-64
Version for
visually impaired
Мектепішілік "Best оқырман" қашықтық байқауы
19
April
2021
Мектепішілік "Best оқырман" қашықтық байқауы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ұйымдастырылған мектепішілік "Best оқырман" байқауы 2-11 сынып оқушыларының арасында қаңтар-сәуір айлары аралығында жүргізілді. Оқушылар өздерінің оқыған шығармалары жайында оқырман күнделігін толтырып, шығарманы оқу кезінде алған әсері мен тәрбиелік мәні жайында жазды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ орын мақтау қағаздарымен және үздік жұмыстар "Best оқырман" төсбелгісімен марапатталды. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
02
April
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған қалалық әскери-спорттық жарыста І орын алғаны үшін мектебіміздің мақтанышы, 9"А" сынып оқушысы Алибекова Динаны құттықтаймыз. Әскери жетекшісі Тлебалдин Мейіржан Жасұланұлы.
30 наурыз - Отбасылық үстел үсті ойындары күні
30
March
2021
30 наурыз - Отбасылық үстел үсті ойындары күні
"Қазақстан балалары - көктем шақырады!" оқушылардың көктемгі демалысын ұйымдастыру жоспарына сәйкес 30 наурыз күні "Отбасылық үстел үсті ойындары күні" орай мектеп оқушыларының арасында "Біз үйде ойнаймыз" атты шара өтті. Атаулы күн отбасылық қатынастардың беделін арттыруға, бірлікке шақырады. 
27 наурыз - Отбасылық кино көру күні
27
March
2021
27 наурыз - Отбасылық кино көру күні
"Қазақстан балалары - көктем шақырады!" оқушылардың көктемгі демалысын ұйымдастыру жоспарына сәйкес 27 наурыз күні "Отбасылық кино көру күні" өтті. Атаулы күнде оқушылар өздерінің бір күндерін отбасымен кино көруге арнап, қызықты сәттерінен фото, видеолар жолдады.
25 наурыз - Шымырлық пен шеберлік күні. "Толағай" ұлттық ойындар сайысы
25
March
2021
25 наурыз - Шымырлық пен шеберлік күні. "Толағай" ұлттық ойындар
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай және 25 наурыз - "Шымырлық пен шеберлік күні қарсаңында" мектебімізде 5 сынып оқушыларының арасында "Толағай" ұлттық ойындар сайысы өтті. Мақсаты: ұлттық құндылықтарды насихаттау, салауатты өмір салтын дамыту. Ұлттық ойын түрлерін жаңғырту. 
23 наурыз - "Жоралғы күні"
23
March
2021
23 наурыз - "Жоралғы күні"
"Қазақстан балалары - көктем шақырады!" оқушылардың көктемгі демалысын ұйымдастыру жоспарына сәйкес 23 наурыз күні "Жоралғы күні" өтті. Атаулы күнде оқушылар өздерінің жақындарын қуанышқа бөлеу мақсатында қолда бар материалдардан сыйлықтар жасап ұсынды. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
20
March
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
"City Semeyның орталықтандырылған кітапхана жүйесі"КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" сайысына қатысып, жүлделі І орын 6"А" сынып оқушылары Жақсылықова Аңса, Ерланқызы Дильназ, Еркінова Бағымды жеңістерімен құттықтаймыз. Жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байшуақова Бекзат Қалымхановна. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
19
March
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Мектебіміздің мақтанышы 10 "А" сынып оқушысы Шәкіртова Сананы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған олыстық "Өнер қырандары" фестивалінің І дәрежелі дипломмен марапатталуымен, City Semeyның №12 кітапхан-бөлімшесі ұйымдастырған "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр" эпостарынан жатқа үзінді оқу байқауынан І дәрежелі дипломмен, Мейрамханова Алиманы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталуымен, халықаралық "Махамбет, Абай, Мұқағали оқулары" байқауының І дәрежелі диплом иегері атануымен
"Наурыз - жалпыұлттық бірлік мерекесі" тақырыбындағы іс-шаралар
18
March
2021
"Наурыз - жалпыұлттық бірлік мерекесі" тақырыбындағы іс-шаралар
22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күніне орай "Наурыз-жалпыұлттық бірлік мерекесі" тақырыбында санитарлық сақтық шаралары сақтала отырып сыныпішілік іс-шаралар ұйымдастырылды. 
Анама сыйлық
06
March
2021
Анама сыйлық
8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай бастауыш сыныптар арасында ұйымдастырылған "Анама сыйлық" челленджі