02
March
2019
«Үйірмелер шеруі » атты мектепішілік іс-шара
2019 жылғы ақпанның 23 күні «№ 36 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де үйірме жұмыстары арқылы оқушылардың шығармашылық жұмыстарын насихаттау мақсатында «Үйірмелер шеруі » атты мектепішілік іс-шара өтті.Бұл іс-шараға мектеп оқушылары және ата-аналар шақырылды. Қазіргі қоғамымызда рухани бай, терең білімді, өнерді бағалап, зерттей білетін, оны әрі қарай жалғастыра білетін, танымдық белсенділігі жоғары балаларды тәрбиелеп шығару мектептің міндеті,сол міндетті жүзеге асыруда мектебімізде 8 үйірме және 3 спорттық секция жұмыс жасап келеді.Үйірме жұмысының маңызды элеметтерінің бірі-оның нәтижесін көрсету болса,осы іс-шара барысында арнайы жоспарланған бағдарлама бойынша үйірме жетекшілері өздерінің кабинеттерінде оқушылар мен ата-аналарға шеберлік кластарын ұйымдастырып,оқушылардың жасаған бұйымдарынан көрмелер ұйымдастырған.Екінші бөлімде ата-аналар оқушылардың қызықты сахналық қойылымдары мен әсем әңдерді тамашалады.Іс-шараның қорытындысы бойынша барлық үйірме жетекшілері алғыс хатпен марапатталды.