"Обасы-бақыт мекені" апталығы » Средняя общеобразовательная школа №36
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы білім бөлімінің
"№36 жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Обасы-бақыт мекені" апталығы
19
сентябрь
2020

"Обасы-бақыт мекені" апталығы

Мектебімізде 14-21 қыркүйек аралығында республикалық отбасы күніне арналған «Отбасы – бақыт мекені» апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты: Қоғамда отбасы құндылықтарын насихаттау. Апталықтың жоспарына сәйкес көп балалы отбасыларын, мұқтаж отбасыларын қолдау мақсатында «Жақсылық жаса» акциясы ұйымдастырылып, 1 сынып оқушылары Бутабаева Дана мен Қадыр Сұлтанға ШҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, 2-ші полиция батальоны қызметкерлері тарапынан мектеп формасымен көмек көрсетілсе, орталық полиция бөлімінің мамандары Абсеитовтар отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Осындай қайырымдылық іс-шаралар мектебімізде алдағы уақыттарда да өз жалғасын табады. 
    1-11 сынып оқушыларына «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. «Отбасы - рухани жаңғыру негізі» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде эссе жазып, үздік жұмыстар мектеп сайттарына жарияланды. Эссе жазуда 9«А» сынып белсенділік танытып, өз жұмыстарын ұсынды.             
     Мектеп психологтары апталық кезеңінде ата-аналармен   «Отбасындағы жанжал мен орынсыз дау-дамайлардың бала психикасына әсері» тақырыбында онлайн тренинг өткізіп, кеңестерін айтты.  Тренингқа 1-11 сынып ата-аналары қамтылды.
     1-4 сынып оқушыларының арасында «Мен өз отбасыммен мақтанамын» тақырыбында отбасылық презентация, 5-7 сынып оқушыларының арасында «Мерейлі отбасы» отбасылық дәстүрлер сағаты өткізіліп, тақырыптық бейнероликтар әзірлеу шарасы өтті. Аталмыш шараға 2, 5 сынып оқушылары белсене қатысты. Үздік презентациялар мен бейнероликтер мектеп сайттарына жарияланды. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив