16
апрель
2021
Дүниежүзілік кітап күні
23 сәуір - Дүниежүзілік кітап күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп кітапханашысы Мария Михайловна Рябченко сыныптар арасында кітапханалық сабақтар өткізді. Сабақ барысында оқушыларға кітап күнінің шығу тарихы мен авторлық құқық жайында, кітап арқылы білімге жол тарту, құндылықтар арқылы жетістікке жету, мәдени көзқарас қалыптастыру жолдары жайында сөз қозғап, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты көптеген қызықты жұмыс түрлерін көрсетті.














