05
март
2025
Семей қала прокуратурасының бөлім прокуроры Қабдулшарипова Жаннур Қайратовна 6-7 сынып оқушыларымен кездесуі
«№ 36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2025 жылдың 5 наурызы күні Семей қала прокуратурасының бөлім прокуроры Қабдулшарипова Жаннур Қайратовна 6-7 сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтың және қылмыстылықтың алдын алу, буллинг, зорлық-зомбылық, бопсалау, ұсақ бұзақылыққа байланысты профилактикалық бағытта әңгіме жұмысын жүргізді. Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік, ұрлық, төбелес, «Буллинг және кибербуллинг» бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, әлеуметтік педагог, психологтардың қатысуымен өтті.






