Жаңа жыл мерекесі » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-18-64
Директордың орынбасары:
+7(7222) 52-18-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
«№36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!
26
декабрь
2025

Жаңа жыл мерекесі

Жаңа жыл мерекесі Инклюзияны қолдау кабинетінде ерекше жылулық пен қуаныш атмосферасында ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – білім алушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұжымдық қарым-қатынасты нығайту болды.

Мерекелік іс-шара барысында кабинет әсем безендіріліп, жаңа жылдық шырша орнатылды. Балалар түрлі ойындарға қатысып, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, Аяз ата мен Ақшақар келіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, сыйлықтар таратты.

Іс-шара барысында әр балаға ерекше көңіл бөлініп, олардың белсенділігі мен қатысуы мадақталды. Бұл мереке балалардың өзіне деген сенімін арттырып, ортаға бейімделуіне оң әсерін тигізді.

Жаңа жылдық кеш барлық қатысушыларға қуаныш пен жақсы әсер сыйлап, есте қаларлықтай жарқын сәттерге толы болды.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив