Ақпарат » Страница 34 » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-18-64
Есепші бөлімі:
+7(7222) 52-18-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
Парасатты отбасы
10
декабрь
2020
Парасатты отбасы
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, отбасы құндылықтарын насихаттау, бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынас қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны анықтау мақсатында ұйымдастырылған "Парасатты отбасы" облыстық байқаудың қалалық кезеңіне мектебіміздің 9"А" сынып оқушысы Шаймарданова Ақеркенің отбасылық видеоролигы жолданып, марапатқа ие болды. Құттықтаймыз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
09
декабрь
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Мектебіміздің дарынды, өнерлі оқушыларын және музыка пәнінің мұғалімі, "Жайна, СамғаІ" ән-би үйірмесінің жетекшісі Толқынбек Жайнагүлді Республикалық «DARA ZHULDYZ» ONLINE ән байқауына қатысып, жоғары дәрежелі марапатқа ие болғандары үшін құттықтаймыз! 
11 сынып ата-аналар жиналысы
09
декабрь
2020
11 сынып ата-аналар жиналысы
8 желтоқсанда 11"А" сыныбына ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде қазіргі 11 сынып оқушыларының қашықтық сабақтарға қатысу деңгейіне сараптама жасалды. Сонымен қатар қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары, ҰБТ-ға байланысты енгізілген өзгертулермен таныстырылды. 
"АТАМЕКЕН" қашықтық ән байқауы
02
декабрь
2020
"АТАМЕКЕН" қашықтық ән байқауы
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президеті күніне орай ұйымдастырылған "АТАМЕКЕН" қашықтық ән байқауы өз мәресіне жетіп, нәтижесінде 13 оқушы І, ІІ, ІІІ орын мақтау грамоталарымен марапатталды. Мақсаты: болашақ жас ұрпақты отансүйгіштікке, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Шығармашылыққа баулу. 
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
01
декабрь
2020
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мектепішілік іс-шаралар жоспары құрылып, тақырыптық сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына саяхат жасай отырып, оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру. Өз елінің мақтанышы, жанашыры болуға, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Бастауыш сынып апталығы
28
ноябрь
2020
Бастауыш сынып апталығы
Қараша айының 23-27 аралығында бастауыш сыныптар апталығы өтті. Апталық барысында мұғалімдер кезекші және қашықтан оқып отырған топтармен жаңартылған білім беру мазмұнындағы әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
19
ноябрь
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Мектебіміздің мақтанышы 7"А" сынып оқушысы Ақылбеков Бақтиярды салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін және қалалық "Мы за здоровый образ жизни" қашықтық марафонынан алған марапатымен құттықтаймыз!
Педагогикалық кеңес
14
ноябрь
2020
Педагогикалық кеңес
13 қараша 2020 жылы жоспарлы педагогикалық кеңес өтті. "Жаңартылған білім мазмұны бойынша нәтижеге жету жолдары" тақырыбында өткізілген педагогикалық кеңесте І тоқсандағы білім сапасы, оқу-тәрбие саласындағы атқарылған жұмыстар нәтижесі, ерте жастан ағылшын тілін оқыту мәселелері, педагог еңбегіндегі инновациялық қызмет туралы талқыланды.
Педагогикалық кеңес
14
ноябрь
2020
Педагогикалық кеңес
13 қараша 2020 жылы жоспарлы педагогикалық кеңес өтті. "Жаңартылған білім мазмұны бойынша нәтижеге жету жолдары" тақырыбында өткізілген педагогикалық кеңесте І тоқсандағы білім сапасы, оқу-тәрбие саласындағы атқарылған жұмыстар нәтижесі, ерте жастан ағылшын тілін оқыту мәселелері, педагог еңбегіндегі инновациялық қызмет туралы талқыланды.
Сынып жетекшілер отырысы
13
ноябрь
2020
Сынып жетекшілер отырысы
11 қараша 2020 жылы кезекті сынып жетекшілер отырысы өтті. Отырыс тақырыбы: "Сынып жетекшілерді қашықтан оқу кезеңінде психологиялық қолдау" Мектеп психологы Ж.Қ.Абаева сынып жетекшілерге күш жігер мен өз-өзіне сенімділікті арттыру мақсатында кеңес беріп, танымдық сағатын өткізді. Сонымен қатар күн тәртібінде І тоқсандағы атқарылған тәрбие жұмыстарына сараптама жасалып, ІІ тоқсанның мақсат, міндеттері айтылды.