Ақпарат
«№ 36 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ бойынша жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы отбасының оқушыларына үнемі көмек көрсетіліп тұрады. Сонымен қатар 1 –желтоқсан тұңғыш Елбасы күніне орай мектебіміздің түлегі, ШҚО маслихат депутаты, Нұр Отан партиясының мүшесі, Семей қаласындағы ТОО «Роза» магазинінің директоры Ахметова Альбина Харисовна жағдайы төмен, көп балалы отбасының 18 оқушысына қыстық аяқ киіммен және 1 оқушыға құны 19000 теңге тұратын мектеп формасымен өз көмегін көрсетті.