Мектеп тарихы
1963 жылы қала шетіндегі шөп сататын базардың жанынан жаңа ғимарат бой көтерді. Бұл № 36 орта мектеп еді. Облыстық «Иртыш» газеті «Әдемі мектеп» деген ат беріп мақала жариялады. Жаңа мектеп шынында да әдемі еді: жабдықталған шеберханалар, спорт залы, физика, химия кабинеттері, шаруашылық кабинетіне, хрустальді шамдалдары бар акт залы.
1963 жылдың 4 қыркүйегінде микроаудан балалары мектептің табалдырығын аттады. Мектептің алғашқы директоры З.Д.Кархацкойға мектеп кілті табыс етілді. Облыстық исполкомның председателінің орынбасары В.А.Кайсаканов мектеп лентасын қиып, алғашқы қоңырау үнімен бірінші сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттады.
1964 жылдан бастап мектепте волейбол, баскетбол командалары құрылып, қалалық, облыстық жарыстарда жеңістерге жетті.
1966 жылы мектеп техника шығармашылығына арналған көрмеде І орынға ие болды. осы жылы В.П.Левченконың бастауымен В.И.Ленинге арналған музей бас көтерді. Мектептің оқу ісінің меңгерушісі С.П.Смирноваға мектепке Ф.Э.Дзержинскийдің есімін беру туралы жұмыспен айналысуға тапсырма берілді.
1967 жылдан бастап мектепті А.Г.Губанова басқарды. Осы жылы В.И.Ленин мен Ф.Э.Дзержинскийге арналған музей ашылды. Мектептің пионерлер дружинасына есімі берілді.
1968 жылы мектепке облисполкомның шешімімен Ф.Э.Дзержинскийдің есімі берілді. Осы жылы мектеп музейі Республикалық музейлер арасында өткен сайыста жүлдемен оралып, бағалы сыйлыққа ие болды.
1970 жылы мектепті М.Н.Башканова басқарды. Осы жылы мектеп теңгеріміне 2 машина берілді. Енді шофер мамандығына дайындайтын кластар ашыла бастады.
Е.Д.Гущина 1992 жылға дейін мектеп директорлығы қызметін атқарды.
1992 – 1996 жылдары Д.А.Абильмажинов басқарды.
1996 – 2004 жылдар аралығында Т.Ш. Баядил басқарды.
2004 – 2007 жылдар аралығында мектепті С.З. Такижбаев басқарды.
2008 жылдан бастап мектеп директорлығына Ғ.Б.Султанов келді. Осы жылдардан бастап мектептің материалдық базасы жаңартыла бастады. Мектеп заман талабына сай интерактивті тақталармен жабдықталып, жалпы мектептің ішкі құрылыстары жаңартылды.
Мектепте 2012 жылдан бастап жасанды футбол алаңы жұмыс істей бастады.
2011 жылдан бастап толық күнді «Балдәурен» шағын орталығы жұмыс жасап жатыр. Бұдан басқа жарты күнді 2 шағын орталық, 2 мектепке дейінгі даярлық тобы жұмыс істейді.
Қазіргі таңда мектепте 410 оқушы білім алуда. 45 педагог жұмыс атқаруда.