«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: өз балаңа үлгі бол» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТУДЕ » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-18-64
Есепші бөлімі:
+7(7222) 52-18-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: өз балаңа үлгі бол» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТУДЕ
15
сентябрь
2018

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: өз балаңа үлгі бол» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТУДЕ





«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: өз балаңа үлгі бол» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫНда жүргізілген оқушылардың ата –аналарына арналған сауалнаманың қорытындысы.

08.09.2018 жылы бірінші сынып ата – аналарына «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: өз балаңа үлгі бол» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өткізілді. Конференцияға 44 ата –анадан 38 ата –ана келіп қатысты.
Конференция барысында ата –аналарға арналған сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша бірінші «Сіз осы жастың ерекшеліктері Сіздің тарапыңыздан есейіп келе жатқан балаға ерекше көңіл бөлуді талап етеді деп санайсыз ба?» сұрағына «иә,бұл қажет» деп 38 ата-ана жауап жазған. Екінші «Өз ойыңызша, балаңызға онда пайда болатын психологиялық проблемаларды жеңуіне көмектесу үшін жеткілікті деңгейде білім қорымен қаруланғансыз ба?» сұрағына 27 ата – ана «иә» деп және 11 ата –ана « жок» деп жауап жазған.Үшінші «Сіз оқушылар ортасында құқық бұзушылықтың алдын алудың басты шарасы – бұл отбасындағы сауатты тәрбие деп санайсыз ба?» сұрағына 29 ата –ана «иә» деп және 9 ата –ана «жоқ» деп жауап жазған. Төртінші «Сіз балаңыздың кіммен араласатынын білесіз бе?» сұрағына барлық ата – ана «иә, бала әрқашан менімен қуана бөліседі,өз достары туралы айтады» деп жауап жазған. Бесінші « Сіз балаңыздың достарымен араласу, компьютерде ойнау, көңіл көтеру уақытын бақылайсыз ба?» сұрағына ата –аналардың басым көпшілігі, яғни, 31 ата –ана «иә» деп жауап жазса қалған 7 ата –ана «кейде» нұсқасын белгілеген. Алтыншы «Сіз балаңыздың осы жаста пайда болатын тынышсызданумен, мазасыздықпен, абыржумен қалай күресетінін білесіз бе?» сұрағына 12 ата –ана « жоқ» деп және 26 ата –ана « иә» деп жауап жазған. Жетінші «Сіз отбасылық тәрбиенің қателіктері балаларда суицидтік мінез-құлық пайда болуына түрткі болуы мүмкін деп санайсыз ба?» сұрағына 26 ата –ана «иә» деп және 12 ата –ана «жоқ» деп жауап жазған» Сегізінші «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-ананың маңызды міндеті. Сіз бұл үшін қосымша көмекке мұқтажсыз ба?» сұрағына 30 ата –ана « жоқ» деп және 8 ата –ана «иә, маған көмегі қажет» деп жауап жазған. Тоғызыншы «Сіз өз отбасыңызда отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге және насихаттауға жеткілікті көңіл бөлесіз бе?» сұрағына барлық ата –ана « иә» нұсқасын белгілеген. Оныншы «Сіз ҚР мемлекеттік органдарының мектепте діни әшекей тағуға тыйым салғанын қолдайсыз ба?» сұрағына «жоқ» деп 8 ата –ана, «иә» деп 17 ата –ана және «білмеймін» деп 11 ата –ана белгілеген. Он бірінші « Сіз өз балаңызды бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету қажет деп санайсыз ба?» сұрағына барлық ата –ана «иә» деп жауап жазған. Он екінші «Сіз мектеп ортасына деструктивті діни ағымдарды енгізудің алдын алу мәселелері бойынша педагог-психологтың консультациясына мұқтажсыз ба?» сұрағына барлық ата –аналар «жоқ» нұсқасын белгілеген. Он үшінші « Сіздің ойыңызша, қандай маманның консультативтік көмегі Сіз үшін пайдалы болады деп ойлайсыз?» сұрағына 13 ата –ана «психологтың», 9 ата –ана « мектеп әдіскерінің», 3 ата –ана «әлеуметтік жұмыскердің», 2 ата –ана «логопедтің» деп жауап жазса 11 ата –ана ешқандай нұсқаны белгілемеген. Он төртінші «Сіз отбасылық тәрбие мәселелеріне арналған арнайы әдебиетті оқисыз ба?» сұрағына 22 ата –ана « жоқ» деп және 16 ата –ана «иә» деп жауап жазған. Он бесінші «Сіз сертификат берілетін «Қалай табысты ата-ана болу қажет?» бағдарламасының курсы бойынша 10 сағаттық онлайн-оқытудан өткіңіз келер ме еді?» сұрағына 24 ата –ана «иә» деп және 14 ата –ана «жоқ» деп жауап жазған.




Мектеп психологы: Н.Қ.Сайлауғазы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив