Жетістіктеріміз » Страница 2 » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-18-64
Есепші бөлімі:
+7(7222) 52-18-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Сәтбаев оқулары»
12
октябрь
2023
«Сәтбаев оқулары»
Семей қаласының  білім  бөлімінің  жоспарына сәйкес 2023 жылғы 12 қазан  күні  «Мұғалімдер семинариясының түлегі, Қазақ КСР ға- ның Тұңғыш президенті» Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген «Сәтбаев оқулары» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияға  10-11 сыныптардан үш оқушы қатысып, 10 «А» сынып оқушысы Болатова Ақерке ІІІ орынға ие болды, жетекшісі Толеуова А.А.
Конференция
28
апрель
2023
Конференция
2023 жылғы сәуір айының 28 –і   «Өскелең ұрпаққа сапалы білім берудегі педагогикалық қызметтің жаңашылдығын арттыруда заманауи тұлғаның шығармашылық қабілеттерін жетілдіру»   тақырыбында конференция өтті. Конференцияда мектеп ұстаздары, бірлестік жетекшілері әдістемелік  тақырыптары бойынша 2020-2023 оқу жылдарында  атқарылған  жұмыстарымен таныстырып, өзара тәжірибе алмасты. Конференцияда әр бірлестік жинақталған еңбектерінен көрме ұйымдастырды.        Келесі үш жылға тақырып таңдау мақсатында
"Асыл мұра"  облыстық халықтық сәндік- қолданбалы өнер байқау - фестивалі
07
ноябрь
2023
"Асыл мұра" облыстық халықтық сәндік- қолданбалы өнер байқау -
2023 жылдың 7 қараша күні өткен бірінші "Асыл мұра"  облыстық халықтық сәндік- қолданбалы өнер байқау - фестиваліне он қолынан өнер тамған шебер ұстаз, білікті маман, технология пәнінің мұғалімі Султанова Зулай Данкебаевна қатысып І жүлделі орын алды. Құттықтаймыз!
Мектепішілік "Үздік оқырман" қашықтық байқауы
19
апрель
2021
Мектепішілік "Үздік оқырман" қашықтық байқауы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ұйымдастырылған мектепішілік "Үздік оқырман" байқауы 2-11 сынып оқушыларының арасында қаңтар-сәуір айлары аралығында жүргізілді. Оқушылар өздерінің оқыған шығармалары жайында оқырман күнделігін толтырып, шығарманы оқу кезінде алған әсері мен тәрбиелік мәні жайында жазды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ орын мақтау қағаздарымен және үздік жұмыстар "Үздік оқырман" төсбелгісімен марапатталды. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
02
апрель
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған қалалық әскери-спорттық жарыста І орын алғаны үшін мектебіміздің мақтанышы, 9"А" сынып оқушысы Алибекова Динаны құттықтаймыз. Әскери жетекшісі Тлебалдин Мейіржан Жасұланұлы.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
20
март
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
"Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" сайысына қатысып, жүлделі І орын 6"А" сынып оқушылары Жақсылықова Аңса, Ерланқызы Дильназ, Еркінова Бағымды жеңістерімен құттықтаймыз. Жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байшуақова Бекзат Қалымхановна. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
19
март
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Мектебіміздің мақтанышы 10 "А" сынып оқушысы Шәкіртова Сананы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған олыстық "Өнер қырандары" фестивалінің І дәрежелі дипломмен марапатталуымен, Семей қаласының №12 кітапхан-бөлімшесі ұйымдастырған "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр" эпостарынан жатқа үзінді оқу байқауынан І дәрежелі дипломмен, Мейрамханова Алиманы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталуымен, халықаралық "Махамбет, Абай, Мұқағали оқулары" байқауының І дәрежелі диплом иегері атануымен
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
06
февраль
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
1 ақпан 2021 жылы шығармашылықпен жұмыс жасайтын дарынды педагог пен дарынды оқушысы арасындағы байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған мектепішілік "Білімді мұғалім-білімпаз оқушы" байқауы өткізілді. Нәтижесінде бастауыш сынып мұғалімі Омирбаева Ж.Д мен 3"Ә" сынып оқушысы Таңатар Каусармен ІІІ орынды, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кубелеков С.Б пен 10"А" сынып оқушысы Ерболұлы Аян ІІ орынды, тарих пәнінің мұғалімі Толеуова А.А мен 5"А" сынып оқушысы Бейсен Каусар ІІ орынды, математика