Жетістіктеріміз » Страница 3 » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-18-64
Есепші бөлімі:
+7(7222) 52-18-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Үздік электронды портфолио" байқауы
23
январь
2021
"Үздік электронды портфолио" байқауы
Бастауыш сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылған "Үздік электронды портфолио" байқауына жұмыстар сыныпішілік кезеңнен іріктеліп алынып, 53 оқушы І, ІІ, ІІІ орын мақтау қағаздарымен марапатталды. Байқаудың мақсаты: оқушылардың оқу мен шығармашылықтағы жетістіктеріне талдау жүргізу, жинақтау. Эстетикалық тәрбие беру. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
21
декабрь
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Биылғы оқу жылы мектебіміз үшін табысты жыл болды. Осылардың ішінде ерекше маңызы бар - пәндік олимпиада жүлдегерлері. 5-6-сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен 6"А" сынып оқушысы Амантаева Мөлдір ағылшын тілінен жүлдегер атанды. Білімді оқушымызды жүлделі ІІІ орын алуымен құттықтаймыз! Пән мұғалімі - балаларға сапалы білім беріп, қабілеті мен дарының шыңдап жүрген білімді ұстаз, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нуракаева Зульфия Нурахмановна.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
19
декабрь
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Республикалық "Тәуелсіздік-жыр, әнім" балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауының көркем сөз жанры бойынша І орын иегері 10"А" сынып оқушысы Шәкіртова Сананы және жетекшісі Абиленова Мейрамгүл Аленовнаны құттықтаймыз!   
Парасатты отбасы
10
декабрь
2020
Парасатты отбасы
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, отбасы құндылықтарын насихаттау, бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынас қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны анықтау мақсатында ұйымдастырылған "Парасатты отбасы" облыстық байқаудың қалалық кезеңіне мектебіміздің 9"А" сынып оқушысы Шаймарданова Ақеркенің отбасылық видеоролигы жолданып, марапатқа ие болды. Құттықтаймыз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
09
декабрь
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Мектебіміздің дарынды, өнерлі оқушыларын және музыка пәнінің мұғалімі, "Жайна, СамғаІ" ән-би үйірмесінің жетекшісі Толқынбек Жайнагүлді Республикалық «DARA ZHULDYZ» ONLINE ән байқауына қатысып, жоғары дәрежелі марапатқа ие болғандары үшін құттықтаймыз! 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
19
ноябрь
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Мектебіміздің мақтанышы 7"А" сынып оқушысы Ақылбеков Бақтиярды салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін және қалалық "Мы за здоровый образ жизни" қашықтық марафонынан алған марапатымен құттықтаймыз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
04
ноябрь
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Облыстық балалар биологиялық орталығының ұйымдастыруымен өткен қашықтық байқаулардың жеңімпаздары 5"А" сынып оқушысы Габдулина Айдананы және 6"Ә" сынып оқушысы Мукашева Аяулымды ІІ орын алуларымен құттықтаймыз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
04
ноябрь
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2"Ә" сынып оқушысы Дарханқызы, жетекшісі Тоқсанова Назигуль Сабитовна - республикалық ӨНЕР БАЙҚАУЫның "қол өнері" номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕ алуымен және 5"А" сынып оқушысы Бейсен Каусар, жетекшісі Толеуова Асель Ашимовна - республикалық ӨНЕР БАЙҚАУЫның "көркем сөз" номинациясы бойынша І орын алуымен құттықтаймыз! 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
05
октябрь
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Мектебіміздің директоры, білікті басшы Галымбек Бейсенович Султановты ҚР Білім және Ғылым министрлігінің "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Педагогикалық қызметтегі жетістіктеріңіз арта берсін. Мейрамыңызбен!💐💐💐
Назад 1 2 3 Вперед