Оқушылар жетістіктері » Страница 3 » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-18-64
Есепші бөлімі:
+7(7222) 52-18-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әскери-спорттық жарыс
10
февраль
2021
Әскери-спорттық жарыс
15 ақпан - Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына 32 жыл толуына орай және Ауған соғыс ардагерлерін еске алу күніне 9-11 сынып оқушыларының арасында әскери-патриоттық жарыс өтті. Мақсаты мектеп оқушыларына әскери патриоттық тәрбие беру. Әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту. АӘДТ жетекшісі Тлебалдин М.Ж
"Жас тілші" қашықтық байқауы
05
февраль
2021
"Жас тілші" қашықтық байқауы
Мектептің "Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған 8-11 сынып оқушыларына арналған мектепішілік "Жас тілші" қашықтық байқауына қатысып, өзіңнің мүмкіндігіңді көрсет, жүлдегер бол! 
"Үздік электронды портфолио" байқауы
23
январь
2021
"Үздік электронды портфолио" байқауы
Бастауыш сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылған "Үздік электронды портфолио" байқауына жұмыстар сыныпішілік кезеңнен іріктеліп алынып, 53 оқушы І, ІІ, ІІІ орын мақтау қағаздарымен марапатталды. Байқаудың мақсаты: оқушылардың оқу мен шығармашылықтағы жетістіктеріне талдау жүргізу, жинақтау. Эстетикалық тәрбие беру. 
"Сәнді-қолданбалы өнер" онлайн көрмесі
09
январь
2021
"Сәнді-қолданбалы өнер" онлайн көрмесі
"Қазақстан балалары - қысқы ғажайып". Рубрика:"Сәнді-қолданбалы өнер" балалар қолөнерінің онлайн көрмесі. Көрмеге оқушылар қол жетімді материалдардан, маталардан, тастардан, қатты қағаздан т.б материалдардан жасаған заттарын ұсынды.  
«Қысқы ертегі» 2-4 сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарының онлайн көрмесі
31
декабрь
2020
«Қысқы ертегі» 2-4 сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарының
Оқушылардың қысқы демалысын ұйымдастыру жоспарына сәйкес 2-4 сынып оқушылары арасында "Қысқы ертегі" тақырыбында онлайн сурет көрмесі ұйымдастырылды. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
21
декабрь
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Биылғы оқу жылы мектебіміз үшін табысты жыл болды. Осылардың ішінде ерекше маңызы бар - пәндік олимпиада жүлдегерлері. 5-6-сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен 6"А" сынып оқушысы Амантаева Мөлдір ағылшын тілінен жүлдегер атанды. Білімді оқушымызды жүлделі ІІІ орын алуымен құттықтаймыз! Пән мұғалімі - балаларға сапалы білім беріп, қабілеті мен дарының шыңдап жүрген білімді ұстаз, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нуракаева Зульфия Нурахмановна.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
19
декабрь
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Республикалық "Тәуелсіздік-жыр, әнім" балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауының көркем сөз жанры бойынша І орын иегері 10"А" сынып оқушысы Шәкіртова Сананы және жетекшісі Абиленова Мейрамгүл Аленовнаны құттықтаймыз!   
"Мен тәуелсіз елдің ұланымын" тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысы 2-4 сынып
15
декабрь
2020
"Мен тәуелсіз елдің ұланымын" тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысы 2-4
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес 2-4 сыныптар арасында "Мен Тәуелсіз елдің ұланымын" тақырыбында қашықтық мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Көркем сөзге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру. 
Парасатты отбасы
10
декабрь
2020
Парасатты отбасы
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, отбасы құндылықтарын насихаттау, бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынас қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны анықтау мақсатында ұйымдастырылған "Парасатты отбасы" облыстық байқаудың қалалық кезеңіне мектебіміздің 9"А" сынып оқушысы Шаймарданова Ақеркенің отбасылық видеоролигы жолданып, марапатқа ие болды. Құттықтаймыз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
09
декабрь
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Мектебіміздің дарынды, өнерлі оқушыларын және музыка пәнінің мұғалімі, "Жайна, СамғаІ" ән-би үйірмесінің жетекшісі Толқынбек Жайнагүлді Республикалық «DARA ZHULDYZ» ONLINE ән байқауына қатысып, жоғары дәрежелі марапатқа ие болғандары үшін құттықтаймыз!