"Наурыз - Думан"
Биылғы жылы Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамында мектеп ұжымы мен ата-аналар мектебіміздің төрінде екі киіз үй құрып, үлкен мерекелік шара ұйымдастырылды. Ұлағатты ұстаздар мен әжелер мектебі, аналар қоғамы бірлесе отырып салт-дәстүрлер көрсетілді, мерекелік концерт қойылды. Қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайылып, наурыз көже таратылды. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы жалғаса берсін. Әз Наурыз құтты болсын!