Тәрбие » Страница 30 » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-18-64
Директордың орынбасары:
+7(7222) 52-18-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
«№36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!
Желтоқсан желі ызғарлы...
14
декабрь
2020
Желтоқсан желі ызғарлы...
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес 9-11 сынып оқушыларымен "Желтоқсан желі ызғарлы..." тақырыбында қашықтық әдеби-сазды естелік сабағы өтті. Сыныптан тыс іс-шараға оқушылар белсене қатысып, желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлестеріміз жайлы және Тәуелсіздікке жету жолындағы ауыртпалықтар мен бүгінгі күннің жетістіктері жайлы мағлұмат алды. іс-шараны өткізген: тарих пәнінің мұғалімдері Ахметова Г.З, Тайбурова Қ.Қ.
Сынып жетекшілер отырысы
13
декабрь
2020
Сынып жетекшілер отырысы
11 қараша 2020 жылы кезекті сынып жетекшілер отырысы өтті. Отырыстың тақырыбы "Сынып жетекшілерді қашықтық оқыту кезеңінде психологиялық қолдау". Мектеп психологы Ж.Қ.Абаева сынып жетекшілерге күш жігерді, өз-өзіне сенімділікті арттыру мақсатында кеңес беріп, танымдық сағатын өткізді. Сонымен қатар күн тәртібінде І тоқсандағы атқарылған тәрбие жұмыстарына талдау жасалып, ІІ тоқсанның мақсат, міндеттері айтылды.
Парасатты отбасы
10
декабрь
2020
Парасатты отбасы
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, отбасы құндылықтарын насихаттау, бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынас қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны анықтау мақсатында ұйымдастырылған "Парасатты отбасы" облыстық байқаудың қалалық кезеңіне мектебіміздің 9"А" сынып оқушысы Шаймарданова Ақеркенің отбасылық видеоролигы жолданып, марапатқа ие болды. Құттықтаймыз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
09
декабрь
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Мектебіміздің дарынды, өнерлі оқушыларын және музыка пәнінің мұғалімі, "Жайна, СамғаІ" ән-би үйірмесінің жетекшісі Толқынбек Жайнагүлді Республикалық «DARA ZHULDYZ» ONLINE ән байқауына қатысып, жоғары дәрежелі марапатқа ие болғандары үшін құттықтаймыз! 
"АТАМЕКЕН" қашықтық ән байқауы
02
декабрь
2020
"АТАМЕКЕН" қашықтық ән байқауы
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президеті күніне орай ұйымдастырылған "АТАМЕКЕН" қашықтық ән байқауы өз мәресіне жетіп, нәтижесінде 13 оқушы І, ІІ, ІІІ орын мақтау грамоталарымен марапатталды. Мақсаты: болашақ жас ұрпақты отансүйгіштікке, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Шығармашылыққа баулу. 
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
01
декабрь
2020
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мектепішілік іс-шаралар жоспары құрылып, тақырыптық сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына саяхат жасай отырып, оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру. Өз елінің мақтанышы, жанашыры болуға, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
19
ноябрь
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Мектебіміздің мақтанышы 7"А" сынып оқушысы Ақылбеков Бақтиярды салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін және қалалық "Мы за здоровый образ жизни" қашықтық марафонынан алған марапатымен құттықтаймыз!
Сынып жетекшілер отырысы
13
ноябрь
2020
Сынып жетекшілер отырысы
11 қараша 2020 жылы кезекті сынып жетекшілер отырысы өтті. Отырыс тақырыбы: "Сынып жетекшілерді қашықтан оқу кезеңінде психологиялық қолдау" Мектеп психологы Ж.Қ.Абаева сынып жетекшілерге күш жігер мен өз-өзіне сенімділікті арттыру мақсатында кеңес беріп, танымдық сағатын өткізді. Сонымен қатар күн тәртібінде І тоқсандағы атқарылған тәрбие жұмыстарына сараптама жасалып, ІІ тоқсанның мақсат, міндеттері айтылды.
Мұражайға саяхат
12
ноябрь
2020
Мұражайға саяхат
Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары күзгі демалыс кезінде Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайына виртуалды саяхат жасады.
"Ән көңілдің ажары" Абай әндерінен онлайн караоке
11
ноябрь
2020
"Ән көңілдің ажары" Абай әндерінен онлайн караоке
Оқушылардың шығармашылығын дамытып, өнерге баулу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылған "Ән көңілдің ажары" Абай әндерінен онлайн караоке күні. Іс-шараны "Балауса" күзгі лагерінің жетекшілері ұйымдастырып, оқушылардың видеоларын мектеп сайттарына жариялады.