Тәрбие » Страница 7 » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-18-64
Директордың орынбасары:
+7(7222) 52-18-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
«№36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!
8 -11 сынып оқушыларымен құқық бұзушылық бойынша кездесу
04
март
2025
8 -11 сынып оқушыларымен құқық бұзушылық бойынша кездесу
«№ 36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2025 жылдың 4 наурызы күні «Құқық бұзушылық» ЖҚПБ ЮПТ УПИ полиция майоры Садыканова Мархаббат Амангелдиевна, Затон ПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция майоры Б.Г.Нургазин, ЖПҚБ УПИ А.ҚТурсынов, Семей қаласы ПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Е.Өміргалидің қатысуымен 8 -11 сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтың және қылмыстылықтың алдын алу, буллинг, зорлық-зомбылық, бопсалау, ұсақ бұзақылыққа байланысты профилактикалық бағытта әңгіме
«Отбасым– бақыт мекенім» атты тақырыпта дөңгелек үстел
28
февраль
2025
«Отбасым– бақыт мекенім» атты тақырыпта дөңгелек үстел
28.02.2025  күні мектептің әлеуметтік осал топтарына жататын жалғыз басты әке, жартылай жетім отбасында тұратын оқушылармен мектептің әлеуметтік педагогы Садыкова Г.Ж. және мектеп психологы Каримтаева Г.А. «Отбасым– бақыт мекенім» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Тақырып бойынша анықтама беріліп, бейнебаян көрсетіліп, тренинг өткізді. Оқушылар өз пікірлерін ерікін жеткізіп ойларын ортаға салып, бейнебаян талқыланды. 
"Құқық бұзушылықтың" ЖАШ аясында орталық полиция бөлімінің аға инспекторы А.М.Садыканова  6-11 сынып оқушыларымен кездесу
26
февраль
2025
"Құқық бұзушылықтың" ЖАШ аясында орталық полиция бөлімінің аға
"N 36 жалпы орта білім беретін" КММ 2025 жылдың 26 ақпан күні "Құқық бұзушылықтың" ЖАШ аясында орталық полиция бөлімінің аға инспекторы А.М.Садыканова  6-11 сынып оқушыларымен  құқық бұзушылықтың және қылмыстың  алдын алу, буллинг, зорлық- зомбылық, бопсалау, ұсақ бұзақылыққа байланысты  профилактикалық бағытта әңгіме жұмысын жүргізді. Соңғы уақыттағы қоғамда болып жатқан жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік, ұрлық, төбелес, буллинг, нашақорлықты тасымалдаудың алдын-алу тақырыбында түсіндіру
Кәсіби бағдар
21
февраль
2025
Кәсіби бағдар
2025 жылдың 21 ақпан күні “М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі” КМҚК өкілі келіп, мектебіміздің 9 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында оқушыларға колледж жайлы мәлімет пен онда оқытылатын мамандықтар туралы ақпараттармен бөлісіп, кәсіби бағдар жұмысы жүргізілді Мақсаты: 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру, колледж жайлы ақпараттармен таныстыру
Кәсіби бағдар
19
февраль
2025
Кәсіби бағдар
2025 жылдың 19 ақпан күні “Jas Abay” мектеп өкілі келіп, мектебіміздің 9 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында оқушыларға мектеп жайлы мәлімет пен онда оқытылатын мамандықтар туралы ақпараттармен бөлісіп, кәсіби бағдар жұмысы жүргізілді Мақсаты: 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру, мектеп жайлы ақпараттармен таныстыру.
Кәсіби бағдар
14
февраль
2025
Кәсіби бағдар
2025 жылдың 14 ақпан күні 11 сынып оқушылары “Электротехника колледжі” КМҚК-не экскурсияға барды. Экскурсия барысында оқушыларға колледж туралы бейнеролик көрсетіліп, онда оқылатын мамандықтар туралы таныстырылым жұмыстары өтті. Оқушылар колледж ішіне экскурсия жасап, барлық кабинеттер мен ондағы құрал - жабдықтармен танысты. Мақсаты: 11 - сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру, мамандықтар жайлы ақпаратпен таныстыру.
Ұшқыр ой алаңы
12
февраль
2025
Ұшқыр ой алаңы
Мектебіміздің дебат клубы мүшелерін Алихан Бөкейхан университетінде студенттер мен оқушылар арасындағы өткен "Өткеннен - Болашаққа" атты дебат ойындарынан І орын алуларымен құттықтаймыз! Жетекшілері дебат клубының жетекшісі Толеуова Асель Ашимовна, география пәнінің мұғалімі Анарбекова Ақерке Бекмұратовна.  
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
12
февраль
2025
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай ұйымдастырылған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші. Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Жакупов Айтмухамбет Алиханұлы, Рыспаев Елгелді Салакович және 54835 әскери бөлімінің ардагері Сүлейменов Ержан Аманжолович құрметті қонақ ретінде шақырылды. Ұйымдастырған АӘТД пәні мұғалімі Тлебалдин Мейіржан Жасұланұлы.
Қауіпсіздік сағаттары
10
февраль
2025
Қауіпсіздік сағаттары
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында өткен қауіпсіздік сағаттары
"Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында лекция
06
февраль
2025
"Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында лекция
Семей қаласының  N 1 қалалық емханасы Жастар Денсаулық Жас Өмір  орталығы " N 36 жалпы орта  білім беретін мектебі" КММ 8-11 сынып оқушыларына психолог маман  Қымбат Амангелдіқызы "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында лекция өткізді. Репродуктивті жүйе, дене дамуы жане психологиялық денсаулық сақтау дағдылары, жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулар, денсаулыққа зиян келтіретін факторлар тақырыбында жасөспірім қыздардарға танымдық ақпараттар ұсынылды. Дәріс соңында кері байланыс алынып, осы