7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебіміздің "Өзін-өзі басқару" ұйымының мүшелері мектеп оқушыларына күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы, тазалық, коронавирустық инфекциядан сақтану шаралары, зиянды заттар, салауатты өмір салты тақырыптарында жұмыстар жүргізіп, жадынамалар таратты. Сақтық шараларының сақталуын қадағалау барысында рейд ұйымдастырды.