Тілдер апталығы » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-18-64
Есепші бөлімі:
+7(7222) 52-18-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
сентябрь
2022

Тілдер апталығы

2022 жылы қыркүйек айының 12-16 аралығында «Ұлтының Ұлы ұстазы» атты Тілдер апталығы өтті.  Апталықтың ашылуында мақсатымен, жоспарланған шаралармен таныстырылып, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай оқушылар тұлғалық болмыстарына тоқталды. Апталықта жоспарланған сыныптан тыс шаралар жүзеге асырылды. 

  Семей қаласының  білім   бөлімінің  жоспарына сәйкес 2022 жылғы 23 қыркүйек  күні  қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері  Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толу құрметіне арналған №36 жалпы орта білім беретін мектебінде «Әлем таныған Әуезов» атты бірыңғай күн өткізілді.  Жоспар бойынша бастауыш сыныптарда «Шығармаларды  тізбектей оқу» байқауы, «Бал балалық» тақырыбына сурет салу байқаулар, 5-9 сыныптарда «Әлем таныған Әуезов» - салтанатты жиын, жауаптылар Сулейменова Д.Т., Акемиева А.Т., Ахметова Б.У., Дюсекина Л.О.; «Әуезов аудиториясы» -Кітап көрмесі, кітапханашы, Бердикбаева Б.С.; «Көксерек» әңгімесі бойынша сурет байқауы, өткізген ұстаздар Кожахметова Ш.К., Нохаева И.Н., 8-9 сынып оқушылар арасында Эссе жазу байқауы өтті, жауапты  Байшуакова Б.К. және 10-11 сынып оқушыларымен «Абай жолы» - тарихи  роман-эпопея» пікіралмасу ұйымдастырылды. Жауапты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Абиленова М.А.  Өткізілген іс-шараларға мектеп оқушылары белсене қатысып, қызығушылық танытты. Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары мен өмірбаянының үзінділерінен өте тартымды сахналық көріністер қойылды.















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив