28
апрель
2022
Желтоқсан айының 6 - 10 аралығында №36 жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы инклюзияны қолдау кабинетінде «Әр бала мектепке лайық» әдістемелік апталығы өтті.
Желтоқсан айының 6 - 10 аралығында №36 жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы инклюзияны қолдау кабинетінде «Әр бала мектепке лайық» әдістемелік апталығы өтті. Апталықтың ашылу салтанатында кабинет меңгерушісі Ақмарал Тұрсынхановна Браун сөз сөйлеп, апталықтың жұмыс жоспарымен таныстыра келе, аталмыш іс-шараның мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс істеу барысында мамандар арасында әдістемелік тәжірибе алмасуға бағытталғанын тілге тиек етті.
Апталықты өткізу барысында әр күнге түрлі бағыттағы іс-шаралар жоспарланып, кабинетіміздің оқушылары мен жалпы білім беру сынып оқушыларымен бірлескен жұмыстар атқарылды. Айта кетсек, апталықтың бірінші күні балалар әнұран орындап, еліміздің рәміздерін дәріптеп рухани патриоттық азық алса, екінші күні өлең жолдары мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқып сайысқа түсті.
Сондай-ақ мамандарымыз жеке және топтық ашық сабақтар өткізіп, кәсіби тұрғыда тәжірибе алмасып, сабақ туралы ой тарқатысты.
Апталықтың жабылуы салтанатты түрде концерттік іс-шарада мамандар мен оқушылардың өнер көрсетуімен өз мәресіне жетті. Апталыққа белсене қатысқан кабинет оқушылары мадақтамалармен марапатталды.