03
март
2023
Орыс тілі мен ағылшын тілі апталығы
27 ақпан - 03 наурыз аралығында«Много языков на свете разных» орыс тілі мен әдебиет, ағылшын тілі пәндерінің апталығы өтті. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыра отырып, шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру мақсатында ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс- шаралар өткізілді.
Жоспарға сәйкес ашық сабақтар, қазіргі жаңа технологияларды қолдану арқылы білім берудің пайдалы және тиімді тәсілдерін қолданды. Оқушылардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктеріне сай сабақтар әдістемелік жағынан дұрыс құрастырылған. Сыныптан тыс өткен іс-шараларда оқушылар белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салды. Апталыққа жоспарланған іс-шаралар мерзіміне сай және тартымды, жүйелі түрде өтті.







