2018-2019 оқу жылында мектепте инклюзивті білім беруді енгізу және ұйымдастыру » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-18-64
Есепші бөлімі:
+7(7222) 52-18-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » 2018-2019 оқу жылында мектепте инклюзивті білім беруді енгізу және ұйымдастыру
09
апрель
2019

2018-2019 оқу жылында мектепте инклюзивті білім беруді енгізу және ұйымдастыру

                                                                                                                                     Бекітемін

                                                                                                       «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының 

                                                                                                        білім бөлімі» ММ 

                                                                                                        "№ 36 жалпы орта білім беретін мектеп"

                                                                                                          КММ директоры                        Ғ.Б. Султанов





2018-2019 оқу жылында мектепте инклюзивті білім беруді 

енгізу және ұйымдастыру 

ЖОСПАРЫ

Инклюзивті оқыту- барлық кемтар балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді, барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың білімділік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Мақсаты: Жалпы білім беру мектептері аясында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың толыққанды білім алуына жағдай жасау.   

Міндеттері:

  • Психолого-педагогикалық консилиумның жұмысын жандандыру;
  • Профилактикалық және психо-коррекциялық сабақтарды өткізу барысында  диагностикалық пакетті қалыптастыру;
  • Педагогтарды, қосымша білім беру педагогтарын тарту, оларды дайындау;
  • Жалпы білім беретін мектептердің практикасына арнайы дамыту педагогикасын енгізу;
  • Ата-аналар үшін ақпараттық-танымдық жұмыстар ұйымдастыру /консультациялық орталық/;
  • Ерекше білім беруді талап ететін балалар үшін жекелеген маршруттарды ұйымдастыру;
  • Балалардың мүмкіндігіне қарай бірыңғай психологиялық комфортты білім беру ортасын құру;
  • Мектепте инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін арнайы жағдай жасау;
  • Білім беру кезеңдерінің сабақтастығы жағдайында мұмкіндігі шектеулі балаларға, мүгедек балаларға жеке қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;
  • Білім беру мекемесінде қосымша білім алуға мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалардың кіруін қамтамасыз ету;
  • Мүмкіндігі шектеулі балаларға, мүгедек балаларға мектеп және қалалық қоғамдастықтың толеранттық көзқарасын қалыптастыру;
  • Мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балаларға көмекті үйлестіру үшін қоғамдық ұйымдармен, әлеуметтік қорғау және медицина ұйымдарымен әлеуметтік серіктестікті дамыту.






                                                                                                                                     Бекітемін

                                                                                                       «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының 

                                                                                                        білім бөлімі» ММ 

                                                                                                         "№ 36 жалпы орта білім беретін мектеп"

                                                                                                        КММ директоры                        Ғ.Б. Султанов




2018-2019 оқу жылына арналған психолого-педагогикалық консилиум жұмысының жоспары


Іс-шаралар

Мерзімі 

Жауаптылар 

1

Балалардың оқуы мен тәртібіндегі қиындықтардың сипаты мен себептерін анықтау.

үнемі

Консилиум мүшелері

2

Ерекше назарды қажет ететін балаларды қалалық ПМПКға жіберу.

Анықталған жағдайда

Консилиум мүшелері

3

Ерекше  назарды қажет ететін, мінез-құлқында қиындықтары бар балаларға жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім беруді дамыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.



Жыл бойы



Пән мұғалімдері

4

Диагностикалық-консультациялық және түзете-дамыту жұмысының нәтижелерін талдау барысында әдістемелік көмек көрсету.


Үнемі 


Қ.Қ.Тайбурова

5

Ата-аналар, қорғаншы мен қамқоршыларға консультациялық көмек көрсету

Үнемі 


Б.У. Ахметова

6

Оқытуда, дамуында және тәртібінде қиындықтары бар балалар мен жасөспірімдер туралы деректер қорын қалыптастыру


Жыл бойы


Д.Т.Сулейменова

7

ПМПКға ұсыну үшін оқушының дамуы, денсаулығы мен білім алу ерекшеліктері туралы қорытынды жасау.


Консилиум мүшелері