«Әлем таныған Әуезов» атты бірыңғай күнінің өткізілуі туралы
«Әлем таныған Әуезов» атты бірыңғай күнінің өткізілуі туралы
23 қыркүйек 2022 жылы «№36 ЖОББМ» КММ-де қазақтың ұлы жазушысы , қоғам қайраткері ғұлама ғалым , Қазақстан ғылым академиясының академигі , филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Әлем таныған Әуезов» атты бірыңғай күні өткізілді.
Мақсаты: Мұхтар Әуезов өміріндегі тың деректер , шығармалары арқылы қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына қосқан өлшеусіз еңбегін таныту.
Жоспарланған шаралар негізінде бастауыш сынып мұғалімдері Әуезов шығармаларын тізбектеп оқытумен қатар «Бал балалық» тақырыбына сурет салу байқауын, 5-9- сыныптар арасында «Әлем таныған Әуезов» тақырыбында салтанатты жиын, мектепішілік кітапханада «Әуезов аудиториясы» атты кітап көрмесі , 5-6-сынып оқушылары арасында «Көксерек» әңгімесі бойынша сурет көрмесі, 8-9-сынып оқушылары арасында М.Әуезовтің мақалалары негізінде эссе жазу байқауы , 10-11-сыныптар арасында «Абай жолы» – тарихи роман-эпопея тақырыбында пікіралмасу өткізілді.
Қорытындысында өткізілген шаралардың мазмұны , жұмыс мақсатының орындалуы талқыланды. Ұлы тұлғаның туғанына 125 толуына арналған бір күндік шаралар оқу жылының көлемінде жалғасын табады.


