Activity » Страница 14 » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Municipal public institution
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Semey district
Reception room :
+7(7222) 52-18-64
bookkeeping:
+7(7222) 52-18-64
Version for
visually impaired
Абай оқулары 2-4 сынып
16
февраль
2021
Абай оқулары 2-4 сынып
16 ақпанда 2-4 сыныптарда "Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы" бөлімі бойынша Абай оқулары өткізілді. Байқаудың мақсаты: жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, мәнерлеп оқуды дамыту, тіл тазалығын сақтау, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Байқауға 10 оқушы қатысып, І, ІІ, ІІІ орын және белсене қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. 
"Алыста қалған Ауған" сынып сағаттары
12
февраль
2021
"Алыста қалған Ауған" сынып сағаттары
15 ақпан - Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына 32 жыл және Ауған соғыс ардагерлерін еске алу күніне орай 5-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өтті.  Мақсаты мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру. Сынып сағаттарында оқушылар отаулы күн жайында мәліметтер мен жерлес ардагерлерімізді еске алды.
Әскери-спорттық жарыс
10
февраль
2021
Әскери-спорттық жарыс
15 ақпан - Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына 32 жыл толуына орай және Ауған соғыс ардагерлерін еске алу күніне 9-11 сынып оқушыларының арасында әскери-патриоттық жарыс өтті. Мақсаты мектеп оқушыларына әскери патриоттық тәрбие беру. Әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту. АӘДТ жетекшісі Тлебалдин М.Ж
"Жас тілші" қашықтық байқауы
05
февраль
2021
"Жас тілші" қашықтық байқауы
Мектептің "Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған 8-11 сынып оқушыларына арналған мектепішілік "Жас тілші" қашықтық байқауына қатысып, өзіңнің мүмкіндігіңді көрсет, жүлдегер бол! 
"Қыздарға кеңес" тақырыбындағы қыздар жиналысы
29
January
2021
"Қыздарға кеңес" тақырыбындағы қыздар жиналысы
      Қаңтар айының тәрбие жоспарына сәйкес 7-11 сынып қыздарына «Қыздарға кеңес» тақырыбында мектепішілік қыздар жиналысыс өтті. Күн тәртібінде қыз балалардың жеке бас гигиенасы, қыздар арасындағы құқықбұзушылық, ерте жүктілік, жыныстық қарым-қатынастан сақтану, жасөспірімдер мен қыздар арасындағы зорлық зомбылық мәселелері сөз болып, кеңестер мен ақпараттар дәлелдер келтіріле отырып айтылды. Қоғамдағы қыз баланың рөлі, отбасы мен көше тәртібі жайында бейнематериалдар көрсетілді. Аталған
"Best электронды портфолио" байқауы
23
January
2021
"Best электронды портфолио" байқауы
Бастауыш сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылған "Best электронды портфолио" байқауына жұмыстар сыныпішілік кезеңнен іріктеліп алынып, 53 оқушы І, ІІ, ІІІ орын мақтау қағаздарымен марапатталды. Байқаудың мақсаты: оқушылардың оқу мен шығармашылықтағы жетістіктеріне талдау жүргізу, жинақтау. Эстетикалық тәрбие беру. 
"Сәнді-қолданбалы өнер" онлайн көрмесі
09
January
2021
"Сәнді-қолданбалы өнер" онлайн көрмесі
"Қазақстан балалары - қысқы ғажайып". Рубрика:"Сәнді-қолданбалы өнер" балалар қолөнерінің онлайн көрмесі. Көрмеге оқушылар қол жетімді материалдардан, маталардан, тастардан, қатты қағаздан т.б материалдардан жасаған заттарын ұсынды.  
"Мектепке кітап сыйла" акциясы
05
January
2021
"Мектепке кітап сыйла" акциясы
Мектепішілік "Мектепке кітап сыйла" акциясына мектебіміздің 2-6 сынып оқушылары және ата-аналар қатысты. Оқушылар өздерінің оқыған қызықты кітаптарының мазмұнына тоқтала отырып басқа оқушыларға оқуға кеңес берді және оқулықтарды мектеп кітапханасына тапсырды.  
«Қысқы ертегі» 2-4 сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарының онлайн көрмесі
31
December
2020
«Қысқы ертегі» 2-4 сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарының
Оқушылардың қысқы демалысын ұйымдастыру жоспарына сәйкес 2-4 сынып оқушылары арасында "Қысқы ертегі" тақырыбында онлайн сурет көрмесі ұйымдастырылды. 
"Қысқы қауіпсіздік негіздері"
30
December
2020
"Қысқы қауіпсіздік негіздері"
Оқушылардың қысқы демалысқа шығуына орай «Қазақстан балалары – қысқы ғажайып» тақырыбында жоспар құрылып, алғашқы күні қауіпсіздікпен таныстырудан басталды. Сынап сағаттары өткізіліп қысқы қауіпсіздік ережелеріне байланысты оқушылар мен ата-аналарға нұсқаулықтар берілді, жадынамалар мен видеороликтер таратылды.