Activity » Страница 12 » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Municipal public institution
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Semey district
Reception room :
+7(7222) 52-18-64
bookkeeping:
+7(7222) 52-18-64
Version for
visually impaired
Соңғы қоңырау
25
May
2021
Соңғы қоңырау
25 мамыр - Соңғы қоңырау мерекесі. Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер! Сіздерді оқу жылының аяқталуымен және соңғы қоңырау мерекесімен құттықтаймыз! 
"БАТЫРЛАР РУХЫН МӘҢГІ ЕСТЕ САҚТАЙМЫЗ"
09
May
2021
"БАТЫРЛАР РУХЫН МӘҢГІ ЕСТЕ САҚТАЙМЫЗ"
ОТАН ҮШІН ОТҚА ТҮСІП, БЕЙБІТ ӨМІР МЕН ЖЕҢІС СЫЙЛАҒАН БАТЫРЛАР РУХЫНА МЫҢ ТАҒЗЫМ! 
"Бізідің ел Қазақстан - болашағы Жас Ұлан"
01
May
2021
"Бізідің ел Қазақстан - болашағы Жас Ұлан"
"1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні" мерекесіне орай оқушыларды Республикалық біріңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау жиыны. Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтары мен патриоттық рухты қалыптастыру. Қанаттарың талMay, өз еліңнің мақтанышы бол ЖАС ҰЛАН!
1 мамыр - Бірлік күніне орай ұйымдастырылған көрме
01
May
2021
1 мамыр - Бірлік күніне орай ұйымдастырылған көрме
"1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні" мерекесіне орай мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылып, оқушыларға Қазақстанда тұратын халықтардың бай мәдени мұрасымен таныстырылды. Мектеп кітапханашысы Рябченко Мария Михайловна кітаптың берер тәрбиесінің мол екенін айта келе, әр ұлттың ойындарына, киімдеріне, ертегілеріне, мақал-мәтелдеріне тоқталды. "Көкорайдағы гүлдер", "Сиқырлы думан", ертегілерді құрастыру, викторина, жұмбақ сияқты жұмыс түрлері оқушылардың қызығушылығын оятты. 
"Қазақстан - көп ұлтты мемлекет" 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні
01
May
2021
"Қазақстан - көп ұлтты мемлекет" 1 мамыр - Қазақстан халықтарының
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес сыныптан тыс іс-шаралар өтті. Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан астам ұлт өкілдеріне ортақ, құтты мекен. Сол себепті де 2 мамыр - халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Атаулы мерекеге орай "Қазақстан - көп ұлтты мемлекет" тақырыбында сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылып, оқушыларға ұлт өкілдері арасындағы достық, татулық, ынтымақтастық қасиеттері түсіндірілді. Әр ұлттың салт-дәстүрі мен тарихына
"Мектепке кітап сыйла" акциясы
23
April
2021
"Мектепке кітап сыйла" акциясы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ұйымдастырылған "Мектепке кітап сыйла" акциясы. 
Мектепішілік "Best оқырман" қашықтық байқауы
19
April
2021
Мектепішілік "Best оқырман" қашықтық байқауы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ұйымдастырылған мектепішілік "Best оқырман" байқауы 2-11 сынып оқушыларының арасында қаңтар-сәуір айлары аралығында жүргізілді. Оқушылар өздерінің оқыған шығармалары жайында оқырман күнделігін толтырып, шығарманы оқу кезінде алған әсері мен тәрбиелік мәні жайында жазды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ орын мақтау қағаздарымен және үздік жұмыстар "Best оқырман" төсбелгісімен марапатталды. 
Дүниежүзілік кітап күні
16
April
2021
Дүниежүзілік кітап күні
23 сәуір - Дүниежүзілік кітап күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп кітапханашысы Мария Михайловна Рябченко сыныптар арасында кітапханалық сабақтар өткізді. Сабақ барысында оқушыларға кітап күнінің шығу тарихы мен авторлық құқық жайында, кітап арқылы білімге жол тарту, құндылықтар арқылы жетістікке жету, мәдени көзқарас қалыптастыру жолдары жайында сөз қозғап, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты көптеген қызықты жұмыс түрлерін көрсетті.
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні
07
April
2021
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебіміздің "Өзін-өзі басқару" ұйымының мүшелері мектеп оқушыларына күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы, тазалық, коронавирустық инфекциядан сақтану шаралары, зиянды заттар, салауатты өмір салты тақырыптарында жұмыстар жүргізіп, жадынамалар таратты. Сақтық шараларының сақталуын қадағалау барысында рейд ұйымдастырды.
30 наурыз - Отбасылық үстел үсті ойындары күні
30
March
2021
30 наурыз - Отбасылық үстел үсті ойындары күні
"Қазақстан балалары - көктем шақырады!" оқушылардың көктемгі демалысын ұйымдастыру жоспарына сәйкес 30 наурыз күні "Отбасылық үстел үсті ойындары күні" орай мектеп оқушыларының арасында "Біз үйде ойнаймыз" атты шара өтті. Атаулы күн отбасылық қатынастардың беделін арттыруға, бірлікке шақырады.