23
октябрь
2021
«Ел намысы – Ту, Әнұран, Елтаңба»
Мемлекеттік рәміздер – мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізінің бірі. Оны әрбір оқушы жадында ұстау керек. ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттау мен құрметтеу мақсатында 2021-2022 оқу жылының жұмыс жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес 5-9 қазан аралығында 1-11 сынып оқушыларына «Ел намысы – Ту, Әнұран, Елтаңба» тақырыбында презентациялы сабақтар онлайн форматта өткізілді. Мақсаты: мемлекеттік рәміздерді насихаттау, ұлттық сезім қалыптастыра отырып, патриоттық тәрбие беру. Онлайн сабақтарды өткізуге мектептің тарих пәнінің мұғалімдері, АӘТД жетекшісі Тлебалдин М.Ж, бастауыш сынып жетекшілері ат салысты. Дәріс барысында оқушыларға мемлекеттің рәміздердің авторлары, мемлекеттік рәміздер күні, 2018 жылғы елтаңбаға енгізілген өзгеріс, стандартқа сай қолданылу тәртібі, салтанатты жиындар кезіндегі мемлекеттік рәміздердің қолданылу тәртібі жайында мәліметтер айтылып, сұрақ-жауап ұйымдастырылды.










