29
январь
2022
«Рәміздер – рухымыз, ар ожданымыз»
2022 жыл, қаңтар айында 1-11 сынып оқушыларына жоспарлы «Рәміздер – рухымыз, ар ожданымыз» тақырыбында танымдық сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: мемлекеттік рәміздерді насихаттау, ұлттық сезім қалыптастыра отырып, патриоттық тәрбие беру. Оқушыларға мемлекеттік рәміздерді қолданудың маңызы мен тәртібін түсіндіру. Сынып сағаттарының өтілу сапасын қадағалау мақсатында 2«А», 2«Ә», 3«Б», 5«Ә», 7«Ә» сыныптарының сабақтарына қатыстым. Сабақ барысында оқушылар ұлттық рәміздер жайлы мағлұмат алып, әр нышанның авторларын айтты. Бейнероликтер тамашалап, Отан, ұлт жайында мақал мәтелдер айтылды. Сонымен қатар сұрақ-жауап, сөзжұмбақ шешу, ойын әдістері арқылы оқушылардың білімдері байқалды.














