«ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМГЕ – КЕМЕЛ БІЛІММЕН» атты апталық
19.01-23.01 2026 ж аралығында жаратылыстану пәндер
бірлестігінің математика, физика, информатика,
химия биология пәндерінен өткен
«ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМГЕ – КЕМЕЛ БІЛІММЕН»
атты апталық Е С Е Б І
19.01-23.01 2026ж аралығында жаратылыстану пәндер бірлестігінің математика, физика, информатика, химия биология пәндерінен апталық өтті.
Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру. Политехникалық пәндер бірлестігі пәндерінен танымдық деңгейлерін көтеріп, заманауи ақпараттық технологияларды үйлесімді қолдана отырып ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Апталықтың ашылуы мектептің бірінші қабатында тағертең ертемен сабақ басталмай көрме түрінде және сұрақ – жауап түрінде басталды. Оқушылар мен мектеп ұжымы қызыға сұрақтарға жауап беруге кірісті, әрбір дұрыс жауабы үшін сыйлықтар ұйымдастырылды. Сұрақтар “Лотокқа дәл түсу” әдісі арқылы оған бекітілген сұрақтарына жауаптарын айтты. Оқушыларға “ Мықты болсаң тауып көр” әдісімен ойыны қызықты өтті. Макеттерді дұрыс қойып дәл тапқан оқушыларға сыйлықтар беріліп отырды. Апталықтың салтанатты ашылуы үлкен үзілісте өтті. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Тансыкожинова А.У. кіріспе сөз сөйлеп, мектеп директоры Б.З.Булабаев салтанатты түрде ашылуына құттықтау сөз сөйлеп апталықта оқушылар мен ұстаздарға сәттілік тіледі. Хими, биология, физика пәндерінен тәжірибелер көрсетілді. Апталықтың әрбір күнінде үлкен үзіліс кезінде “Көңілді үзіліс” іс шаралары өтіп отырды. Оқушылар әр үзілісте қызығушылықпен қатысып отырды.
11 сыныпта Алгебра және анализ бастамалары пәнінен «Логарифм. Қасиеттері, графигі» атты ашық сабақ өткізді. Мұғалімі- математика пәні мұғалімі Тансыкожинова А.У. Сабақ ЖИ элеметтерін қолдану арқылы 11 сынып оқушыларына жақсы тілектер айтумен басталды. ҚМЖ-да жоспарланған әдіс- тәсілдер мен жоспарланған сабақ өз уақытымен жүргізілді. 3 топқа бөлінген оқушылар сабаққа толық қатысып тақтаға бірнеше есептер шығарылды. Оқушылар сабақта өте белсенді болды. Сабақ уақытымен аяқталып, кері байланыс жасалды.
8 а сыныбында биология пәнінен “Терінің қүрылысы мен қызметі” атты ашық сабақ өткізілді. Мұғалімі - биология пәні мұғалімі Берикова Б.Б. Мұғалім сабақта өз шеберлігін қолдана білді. Оқушылар сұрақтарға толық өз сөздерімен жауап бере алмағанмен, жеке тапсырмалар жасаумен, тәжірибелерге қатысып сабаққа толық қатысып іс әрекеттермен жауап беріп отырды. Сабақ соңында кері байланыс жасалып, үйге тапсырма берілді. Сабақ өз мақсатына жетті.
6а сыныбы 2-ші тобында Информатика пәнінен “Тіл әліпбиі және синтаксис” атты ашық сабақ өтті. Мұғалімі; Нурсеитова Ш.Т.
7ә сыныбында алгебра пәнінен “ Қысқаша көбейту формулалары” тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Мұғалімі- математика пәні мұғалімі: Сабырхан. А. Ә. Сабақ басынан аяғына дейін “Аэропорт” әдісімен өтілді. Слайдтар арқылы бірнеше тапсырмалар орындалды. Балалар берілген тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындап отырды. Сабақ құрылымы жақсы құрылған. Сабақ өз мақсатына жетті. Алаңнан шыққан ұшақ барлық оқушылармен жерге қонды.
10А сыныбында информатика пәнінен “Сайттың картасы” атты ашық сабақ өткізілді. мұғалімі: Қасымқызы Д. Балалар өздеріне берілген тапсырма бойынша 1-ші сайт макетін құрды. Сосын сайт құрды. Қазіргі заман талабына сай жасалған сайттарды көрсетті. Оқушылар қызығып қатысты.
8 ә сыныбында Химия пәнінен.”Металдар мен бейметалдар”атты ашық сабақ өткізілді. мұғалімі Байтуғанова А.Қ.
9 а сыныбында Физика. “Энергияның сақталу және айналу заңдары” атты ашық сабақ өткізілді. мұғалімі Рақымбекова Ж.Қ.
Химия, физика, биология пәндері мұғалімдері өткізген “Ғылым MIX” атты өткізген сыныптан тыс іс- шаралары өте қызғылықты өтті.
Информатика мұғалімдері өткөзген сыныптан тыс іс шараға оқушылар аса қызығушылықен қатысып отырды. Бірнеше топқа бөлінген оқушылар өз топтарының намысын қорғай білді.
Апта соңында математика пәндері мұғалімдерінің жетекшілігімен “ Математика - ғылымдар патшасы” атты қорытынды кещ өтті. 10-11 сынып оқушыларымен бірге мұғалімдер де қатысып отырды. Кеш “Миллион кімге бұйырады” ойынымен басталып, та,ы вмкториналық сұрақтар мен біірнешеойынға ұласты. Оқушылардың жылдамдығы мен логикалық есесптерді шешуге оқушылар белсене қатысты. Ойынға қатысқан оқушыларға естелік кітапшалар берілді.
Бекітемін»
«№36 жалпы орта білім беретін
мектебі» КММ директоры
_______Булабаев Б.З.
2025-2026 оқу жылындағы 19-23 қаңтар аралығында өтетін
«ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМГЕ – КЕМЕЛ БІЛІММЕН» атты
политехникалық пәндер бірлестігі апталығының жоспары.
Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру. Политехникалық пәндер бірлестігі пәндерінен танымдық деңгейлерін көтеріп, заманауи ақпараттық технологияларды үйлесімді қолдана отырып ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
№ | Күні | тақырыбы | уақыты | сынып | жауапты |
1 | 19.01. | Апталықтың ашылуы Видеопрезентация | 9:35 | 5-11 | Бірлестік мүшелері |
2 | 20.01 | Алгебра және анализ бастамалары Ашық сабақ. Тақырыбы: «Логарифм. Қасиеттері, графигі» | 8.50 | 11 «А» | Тансыкожинова А.У. |
3 | 20.01 | Биологиия. Ашық сабақ“Терінің қүрылысы мен қызметі” | 10.45 | 8а | Берикова Б.Б. |
4 | 20.01. | Информатика Ашық сабақ “Тіл әліпбиі. Синтаксис” | 11.45 | 6а 2-топ | Нурсеитова Ш.Т. |
5 | 21.01 | Алгебра Ашық сабақ “ Қысқаша көбейту формулалары” | 8.50 | 7ә | Сабырхан А.Ә. |
6 | 21.01 | Информатика Ашық сабақ “Сайттың картасы” | 10.50 | 10а | Қасымқызы Д |
7 | 21.01 | “Ғылым MIX” Сыныптан тыс іс-шара | 14.00 | 8-10 | Байтуғанова А.Қ. Берикова Б.Б. Рақымбекова Ж.Қ. |
8 | 22.01 | Алгебра Ашық сабақ “Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері” | 10.50 | 9ә | Құсайынов Б.А. |
9 | 22.01 | Информатика Сыныптан тыс іс-шара “ | 14.00 | Қасымқызы Д Нурсеитова Ш.Т. | |
10 | 23.01 | Химия Ашық сабақ.”Металдар мен бейметалдар” | 12. | 8ә | Байтуғанова А.Қ |
11 | 23.01 | Физика. Ашық сабақ. “Энергияның сақталу және айналу заңдары” | 10.50 | 9ә | Рақымбекова Ж.Қ. |
12 | 23.01. | “Математика-ғылымдар патшасы” Сыныптан тыс іс-шара | 13.30 | 10-11 | Тансыкожинова А.У. Құсайынов Б.А. Сабырхан А.Ә. |