Эстетикалық цикл әдістемелік бірлестігінің апталығы
2023 ж. сәуір айының 10 – 14 аралығында эстетикалық цикл әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті.
Апталықтың мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, жаңашыл ойлауын жетілдіру. Оқушыларды салауатты өмір салтына, шығармашылыққа баулып, жан-жақты тұлға қалыптастыру. 10.04. оқушыларға ойындар ойнатылып, ән шашу арқылы эстетикалық бірлестік апталығының ашылуы салтанаты болды. 1 қабатта шығармашылық көрме ұйымдастырылды.
Апталықта жоспарланған 6 ашық сабақ, 4 сыныптан тыс шара жүзеге асырылды. Оқушылардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктеріне сай сабақтар әдістемелік жағынан дұрыс құрастырылған. Спорт алаңында үйірме оқушыларымен «Волейбол ойыны» тақырыбында жарыс ұйымдастырылды. Волейбол үйірмесіне қатысатын оқушылар арасында жарыс қызықты өтті.
12.04.2023 ж. көркем еңбек пәні мұғалімі Султанова З.Д. «Мектепішілік жәрмеңке» өткізді. Жәрмеңкеге барлық сынып оқушылары қатысып өз қолдарынан жасаған, пісірген дүниелерін жәрмеңкеге шығарды. Оқушылардың нарықтық, экономикалық, бизнестік білімдерін нығайтты.
Сыныптан тыс өткен іс-шараларда оқушылар белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салды. Апталыққа жоспарланған іс-шаралар мерзіміне сай және тартымды, жүйелі түрде өтті.


























