28
декабрь
2020
"Ғажайыптар күтуде..." Жаңа жыл мерекесіне арналған сынып сағаттары
28-29 желтоқсан күндері Жаңа жыл мерекесіне орай онлайн сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттары мектеп директоры Г.Б.Султановтың оқушылар мен ата-аналарға арнайы жолдаған құттықтауынан басталды. Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен оқушылар бір-бірлеріне құттықтаулар жолдап, әндер тыңдалды. Жылдық қорытынды бойынша сыныпішілік марапаттар ұйымдастырылды. Тышқан жылын шығарып салып, сиыр жылын қарсы алған оқушылар мерекелік іс-шараның қашықтан ұйымдастырылғанына қарамастан көтеріңкі көңіл күйде болды.
















