"Қыздарға кеңес" тақырыбындағы қыздар жиналысы
Қаңтар айының тәрбие жоспарына сәйкес 7-11 сынып қыздарына «Қыздарға кеңес» тақырыбында мектепішілік қыздар жиналысыс өтті. Күн тәртібінде қыз балалардың жеке бас гигиенасы, қыздар арасындағы құқықбұзушылық, ерте жүктілік, жыныстық қарым-қатынастан сақтану, жасөспірімдер мен қыздар арасындағы зорлық зомбылық мәселелері сөз болып, кеңестер мен ақпараттар дәлелдер келтіріле отырып айтылды. Қоғамдағы қыз баланың рөлі, отбасы мен көше тәртібі жайында бейнематериалдар көрсетілді. Аталған мәселелер мен көрсетілген бейнероликтерге қатысты қыз балалардың пікірлері тыңдалып ашық сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.М.Абдулаева, сынып жетекшілер, мектеп медбикесі З.З.Калиева мен мектеп инспекторы А.А.Исаинова, педагог-психолог Ж.Қ.Абаева қатысып, қыздарға өз кеңестері мен ақпараттарын айтты.











