01
май
2021
1 мамыр - Бірлік күніне орай ұйымдастырылған көрме
"1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні" мерекесіне орай мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылып, оқушыларға Қазақстанда тұратын халықтардың бай мәдени мұрасымен таныстырылды. Мектеп кітапханашысы Рябченко Мария Михайловна кітаптың берер тәрбиесінің мол екенін айта келе, әр ұлттың ойындарына, киімдеріне, ертегілеріне, мақал-мәтелдеріне тоқталды. "Көкорайдағы гүлдер", "Сиқырлы думан", ертегілерді құрастыру, викторина, жұмбақ сияқты жұмыс түрлері оқушылардың қызығушылығын оятты.










