27
октябрь
2021
Тілдер күні!
Тіл – қандай да болмасын ұлттың, халықтың баға жетпес рухани қазынасы, ұлттық санамен байланысты мақтан тұтар ардақтысы. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында сынып жетекшісі Омирбаева Ж.Д. 4 «Ә» сыныбында «Ана тілім – тірлігімнің айғағы» атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында ақын –жазушылардың тіл туралы ойларына қысқаша тоқтала кетті. Оқушылардың ой -өрісін, сөздік қорын дамыту мақсатында мақал- мәтелдердің жалғасын таба отырып сәйкестендірді, екі тілде жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тапқызды. Оқушылар өздері жаттаған тіл туралы тақпақтарын айтты. Соңында: Кіршіксіз қардай сақтаңдар, Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым, Аманат, саған, аманат-деп сынып жетекшісі тәрбие сағатын М. Әлімбаевтің өлең жолдарымен аяқтады.
Ана тіл – арым, иманым, Аманат, саған, аманат-деп сынып жетекшісі тәрбие сағатын М. Әлімбаевтің өлең жолдарымен аяқтады.
