18
март
2022
«Наурыз – жалпыұлттық бірлік мерекесі»
Әрбір халық өзінің төл мәдениеті мен салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сақтауы тиіс. Ұлттық құндылықтарды бала бойына дарытуда, ұлттық бірегейлікті сақтап, сана сезімді қалыптастыруда мектеп қабырғасында өткізілетін іс-шаралардың маңызы зор. Карантиндік шаралардан кейін соңғы екі жылда «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» мейрамы биыл 5-11 сыныптар арасында офлайн форматта ұйымдастырылды. Даярлық, 1-4 сыныптар арасында ата-аналардың қатысуымен сыныптан тыс шаралар өткізіліп, ата-аналардың қатысуымен салт-дәстүрлер көрсетілді, ұлттық ойындар ойналып, ұлттық тағамдар жайында мағлұмат берілді. 5-7 сыныптарда «Наурыз – жалпыұлттық бірлік мерекесі» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылса, 8-11 сынып оқушыларына «Қазақтың ұлттық ойындары» шарасы өткізілді. Мерекелік шараға ата-аналар қатысып, сыныптардың ұйымшылдығы мен белсенділігі жоғары болды.


















































