27
декабрь
2019
Информация
«№ 36 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ бойынша жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы отбасының оқушыларына үнемі көмек көрсетіліп тұрады. Сонымен қатар 1 –желтоқсан тұңғыш Елбасы күніне орай мектебіміздің түлегі, ШҚО маслихат депутаты, Нұр Отан партиясының мүшесі, Семей қаласындағы ТОО «Роза» магазинінің директоры Ахметова Альбина Харисовна жағдайы төмен, көп балалы отбасының 18 оқушысына қыстық аяқ киіммен және 1 оқушыға құны 19000 теңге тұратын мектеп формасымен өз көмегін көрсетті. Мектеп ата – аналары демеушімізге алғыс айтуда. Сонымен қатар «Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан» бөлінген қаражат есебінен осы аталған отбасының 9 оқушысына қыстық аяқ киім берілсе, жаңа жыл қарсаңында тегін ыстық тамақпен қамтылған 191 оқушыға жаңа жылдық кулектер таратылды. Аталған отбасыларына көмек әрі қарай жалғасуда.






