О нас » Страница 17 » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Коммунальное государственное учреждение
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 52-18-64
Директордың орынбасары:
+7(7222) 52-18-64
Версия для
слабовидящих
«№36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
06
май
2021
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
ҚҰРМЕТТІ ЕР АЗАМАТТАР! СІЗДЕРДІ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН, СОНЫМЕН ҚАТАР БЕЙБІТ ӨМІРІМІЗДІҢ ШАМШЫРАҒЫ БОЛҒАН, ҚАНШАМА ЕРЛЕРІМІЗДІҢ ЕРЖҮРЕКТІЛІГІМЕН, БАТЫРЛЫҒЫМЕН КЕЛГЕН ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ЕР-АЗАМАТ – ҚОРҒАН! ОТБАСЫНЫҢ, ЕЛІНІҢ, ЖЕРІНІҢ ҚОРҒАНЫ. СОНДЫҚТАН ӘРҚАЙСЫЛАРЫҢЫЗДЫҢ  ЕҢСЕЛЕРІҢІЗ БИІК, КӨҢІЛДЕРІҢІЗ КӨТЕРІҢКІ БОЛСЫН.         СІЗДЕР БЕЙБІТ ЗАМАННЫҢ ЕРЛЕРІСІЗДЕР. СОНЫМЕН ҚАТАР БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫ ОҚЫТЫП-ТӘРБИЕЛЕЙТІН ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫЗДАР. ОТБАСЫЛАРЫҢЫЗДЫҢ БЕРЕКЕСІ, МЕЙІРІМІН ТӨККЕН
Мектепішілік "Лучший оқырман" қашықтық байқауы
19
апрель
2021
Мектепішілік "Лучший оқырман" қашықтық байқауы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ұйымдастырылған мектепішілік "Лучший оқырман" байқауы 2-11 сынып оқушыларының арасында қаңтар-сәуір айлары аралығында жүргізілді. Оқушылар өздерінің оқыған шығармалары жайында оқырман күнделігін толтырып, шығарманы оқу кезінде алған әсері мен тәрбиелік мәні жайында жазды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ орын мақтау қағаздарымен және үздік жұмыстар "Лучший оқырман" төсбелгісімен марапатталды. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
02
апрель
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған қалалық әскери-спорттық жарыста І орын алғаны үшін мектебіміздің мақтанышы, 9"А" сынып оқушысы Алибекова Динаны құттықтаймыз. Әскери жетекшісі Тлебалдин Мейіржан Жасұланұлы.
30 наурыз - Отбасылық үстел үсті ойындары күні
30
март
2021
30 наурыз - Отбасылық үстел үсті ойындары күні
"Қазақстан балалары - көктем шақырады!" оқушылардың көктемгі демалысын ұйымдастыру жоспарына сәйкес 30 наурыз күні "Отбасылық үстел үсті ойындары күні" орай мектеп оқушыларының арасында "Біз үйде ойнаймыз" атты шара өтті. Атаулы күн отбасылық қатынастардың беделін арттыруға, бірлікке шақырады. 
27 наурыз - Отбасылық кино көру күні
27
март
2021
27 наурыз - Отбасылық кино көру күні
"Қазақстан балалары - көктем шақырады!" оқушылардың көктемгі демалысын ұйымдастыру жоспарына сәйкес 27 наурыз күні "Отбасылық кино көру күні" өтті. Атаулы күнде оқушылар өздерінің бір күндерін отбасымен кино көруге арнап, қызықты сәттерінен фото, видеолар жолдады.
23 наурыз - "Жоралғы күні"
23
март
2021
23 наурыз - "Жоралғы күні"
"Қазақстан балалары - көктем шақырады!" оқушылардың көктемгі демалысын ұйымдастыру жоспарына сәйкес 23 наурыз күні "Жоралғы күні" өтті. Атаулы күнде оқушылар өздерінің жақындарын қуанышқа бөлеу мақсатында қолда бар материалдардан сыйлықтар жасап ұсынды. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
20
март
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
"Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" сайысына қатысып, жүлделі І орын 6"А" сынып оқушылары Жақсылықова Аңса, Ерланқызы Дильназ, Еркінова Бағымды жеңістерімен құттықтаймыз. Жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байшуақова Бекзат Қалымхановна. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
19
март
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Мектебіміздің мақтанышы 10 "А" сынып оқушысы Шәкіртова Сананы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған олыстық "Өнер қырандары" фестивалінің І дәрежелі дипломмен марапатталуымен, Семей қаласының №12 кітапхан-бөлімшесі ұйымдастырған "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр" эпостарынан жатқа үзінді оқу байқауынан І дәрежелі дипломмен, Мейрамханова Алиманы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталуымен, халықаралық "Махамбет, Абай, Мұқағали оқулары" байқауының І дәрежелі диплом иегері атануымен
"Наурыз - жалпыұлттық бірлік мерекесі" тақырыбындағы іс-шаралар
18
март
2021
"Наурыз - жалпыұлттық бірлік мерекесі" тақырыбындағы іс-шаралар
22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күніне орай "Наурыз-жалпыұлттық бірлік мерекесі" тақырыбында санитарлық сақтық шаралары сақтала отырып сыныпішілік іс-шаралар ұйымдастырылды. 
8-наурызға арналған мерекелік сынып сағаттары
08
март
2021
8-наурызға арналған мерекелік сынып сағаттары
8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай бастауыш сыныптарда "Айналдым АНА деген үш әріптен", 5-7 сыныптарда "Қыз бала - гүл", 8-11 сыныптарды "Барлығы сіздер үшін Асыл жандар!" тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Бастауыш сыныптарда өткен мерекелік онлайн тәрбие сағаттарына ардақты аналар қонақ болып қатысса, орта буындағы сынып сағаттарын сынып ұлдары арнайы қыздарға арнап өткізді. Ал жоғарғы сыныптар өздерінің жылы лебіздері мен құттықтауларын ұстаздарына арнады.