Іс-шаралар » Страница 12 » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-18-64
Директордың орынбасары:
+7(7222) 52-18-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
«№36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!
Жүргізушіге хат
11
сентябрь
2021
Жүргізушіге хат
Оқу жылының басталуына байланысты "Абайлаңыз, балалар!" жол қауіпсіздігін алдын-алу іс-шаралар жоспарына сәйкес "Жүргізушіге хат" акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында оқушылар өздерінің хаттарын автокөлік жүргізушілеріне және мектеп оқушыларын үйден мектепке тасымалдайтын автобус жүргізушісіне арнап табыстады.  
1 қыркүйек - Білім күні
02
сентябрь
2021
1 қыркүйек - Білім күні
Қымбатты мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-сынып оқушылары, ата-аналар! Бүгін сіздер үшін жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталды. Биылғы жылы ел тәуелсіздігіне 30 жыл болса, қазақтың ұлы ағартушысы, "Кел, балалар, оқылық!"-деп қазақты оқу-білімге шақырған, қазақ баласына тұңғыш қоңырау үнін естірткен, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, тұңғыш қазақ әліпбиін дүниеге әкелген Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аталып өтуде. Осыған байланысты бүгінгі алғашқы
Соңғы қоңырау
25
май
2021
Соңғы қоңырау
25 мамыр - Соңғы қоңырау мерекесі. Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер! Сіздерді оқу жылының аяқталуымен және соңғы қоңырау мерекесімен құттықтаймыз! 
"БАТЫРЛАР РУХЫН МӘҢГІ ЕСТЕ САҚТАЙМЫЗ"
09
май
2021
"БАТЫРЛАР РУХЫН МӘҢГІ ЕСТЕ САҚТАЙМЫЗ"
ОТАН ҮШІН ОТҚА ТҮСІП, БЕЙБІТ ӨМІР МЕН ЖЕҢІС СЫЙЛАҒАН БАТЫРЛАР РУХЫНА МЫҢ ТАҒЗЫМ! 
"Бізідің ел Қазақстан - болашағы Жас Ұлан"
01
май
2021
"Бізідің ел Қазақстан - болашағы Жас Ұлан"
"1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні" мерекесіне орай оқушыларды Республикалық біріңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау жиыны. Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтары мен патриоттық рухты қалыптастыру. Қанаттарың талмай, өз еліңнің мақтанышы бол ЖАС ҰЛАН!
1 мамыр - Бірлік күніне орай ұйымдастырылған көрме
01
май
2021
1 мамыр - Бірлік күніне орай ұйымдастырылған көрме
"1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні" мерекесіне орай мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылып, оқушыларға Қазақстанда тұратын халықтардың бай мәдени мұрасымен таныстырылды. Мектеп кітапханашысы Рябченко Мария Михайловна кітаптың берер тәрбиесінің мол екенін айта келе, әр ұлттың ойындарына, киімдеріне, ертегілеріне, мақал-мәтелдеріне тоқталды. "Көкорайдағы гүлдер", "Сиқырлы думан", ертегілерді құрастыру, викторина, жұмбақ сияқты жұмыс түрлері оқушылардың қызығушылығын оятты. 
"Қазақстан - көп ұлтты мемлекет" 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні
01
май
2021
"Қазақстан - көп ұлтты мемлекет" 1 мамыр - Қазақстан халықтарының
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес сыныптан тыс іс-шаралар өтті. Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан астам ұлт өкілдеріне ортақ, құтты мекен. Сол себепті де 2 мамыр - халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Атаулы мерекеге орай "Қазақстан - көп ұлтты мемлекет" тақырыбында сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылып, оқушыларға ұлт өкілдері арасындағы достық, татулық, ынтымақтастық қасиеттері түсіндірілді. Әр ұлттың салт-дәстүрі мен тарихына
"Мектепке кітап сыйла" акциясы
23
апрель
2021
"Мектепке кітап сыйла" акциясы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ұйымдастырылған "Мектепке кітап сыйла" акциясы. 
Мектепішілік "Үздік оқырман" қашықтық байқауы
19
апрель
2021
Мектепішілік "Үздік оқырман" қашықтық байқауы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ұйымдастырылған мектепішілік "Үздік оқырман" байқауы 2-11 сынып оқушыларының арасында қаңтар-сәуір айлары аралығында жүргізілді. Оқушылар өздерінің оқыған шығармалары жайында оқырман күнделігін толтырып, шығарманы оқу кезінде алған әсері мен тәрбиелік мәні жайында жазды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ орын мақтау қағаздарымен және үздік жұмыстар "Үздік оқырман" төсбелгісімен марапатталды. 
Дүниежүзілік кітап күні
16
апрель
2021
Дүниежүзілік кітап күні
23 сәуір - Дүниежүзілік кітап күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп кітапханашысы Мария Михайловна Рябченко сыныптар арасында кітапханалық сабақтар өткізді. Сабақ барысында оқушыларға кітап күнінің шығу тарихы мен авторлық құқық жайында, кітап арқылы білімге жол тарту, құндылықтар арқылы жетістікке жету, мәдени көзқарас қалыптастыру жолдары жайында сөз қозғап, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты көптеген қызықты жұмыс түрлерін көрсетті.