Тәрбие » Страница 23 » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-18-64
Есепші бөлімі:
+7(7222) 52-18-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
19
март
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Мектебіміздің мақтанышы 10 "А" сынып оқушысы Шәкіртова Сананы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған олыстық "Өнер қырандары" фестивалінің І дәрежелі дипломмен марапатталуымен, Семей қаласының №12 кітапхан-бөлімшесі ұйымдастырған "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр" эпостарынан жатқа үзінді оқу байқауынан І дәрежелі дипломмен, Мейрамханова Алиманы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталуымен, халықаралық "Махамбет, Абай, Мұқағали оқулары" байқауының І дәрежелі диплом иегері атануымен
"Наурыз - жалпыұлттық бірлік мерекесі" тақырыбындағы іс-шаралар
18
март
2021
"Наурыз - жалпыұлттық бірлік мерекесі" тақырыбындағы іс-шаралар
22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күніне орай "Наурыз-жалпыұлттық бірлік мерекесі" тақырыбында санитарлық сақтық шаралары сақтала отырып сыныпішілік іс-шаралар ұйымдастырылды. 
8-наурызға арналған мерекелік сынып сағаттары
08
март
2021
8-наурызға арналған мерекелік сынып сағаттары
8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай бастауыш сыныптарда "Айналдым АНА деген үш әріптен", 5-7 сыныптарда "Қыз бала - гүл", 8-11 сыныптарды "Барлығы сіздер үшін Асыл жандар!" тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Бастауыш сыныптарда өткен мерекелік онлайн тәрбие сағаттарына ардақты аналар қонақ болып қатысса, орта буындағы сынып сағаттарын сынып ұлдары арнайы қыздарға арнап өткізді. Ал жоғарғы сыныптар өздерінің жылы лебіздері мен құттықтауларын ұстаздарына арнады. 
Анама сыйлық
06
март
2021
Анама сыйлық
8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай бастауыш сыныптар арасында ұйымдастырылған "Анама сыйлық" челленджі
Әскери-спорттық эстафета
03
март
2021
Әскери-спорттық эстафета
Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың құрметіне арналған әскери-спорттық эстафета. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, әскери қызмет етуге ынталандыру, үздік спортшыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған әскери-спорттық эстафетада оқушылар жұптасып оқжарақтарды шығару және қайта оқжарақтандыру, автоматты толық емес бөлшектеу және жинау тәсілдерінен жарысты. Соңынан үздіктер анықталып, медаль және мақтау қағаздарымен марапатталды. Ұйымдастырған АӘжТД пәнінің
1 наурыз - Алғыс айту күні
01
март
2021
1 наурыз - Алғыс айту күні
Іс-шаралар жоспарына сәйкес 1-11 сынып оқушыларына 1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған сынып сағаттары ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің жылы лебіздерін жолдап, мектептің "Өзін - өзі басқару" ұйымы ұстаздар қауымына өздерінің құттықтауларын жолдады.
Абай оқулары 2-4 сынып
16
февраль
2021
Абай оқулары 2-4 сынып
16 ақпанда 2-4 сыныптарда "Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы" бөлімі бойынша Абай оқулары өткізілді. Байқаудың мақсаты: жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, мәнерлеп оқуды дамыту, тіл тазалығын сақтау, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Байқауға 10 оқушы қатысып, І, ІІ, ІІІ орын және белсене қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. 
"Алыста қалған Ауған" сынып сағаттары
12
февраль
2021
"Алыста қалған Ауған" сынып сағаттары
15 ақпан - Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына 32 жыл және Ауған соғыс ардагерлерін еске алу күніне орай 5-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өтті.  Мақсаты мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру. Сынып сағаттарында оқушылар отаулы күн жайында мәліметтер мен жерлес ардагерлерімізді еске алды.
Әскери-спорттық жарыс
10
февраль
2021
Әскери-спорттық жарыс
15 ақпан - Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына 32 жыл толуына орай және Ауған соғыс ардагерлерін еске алу күніне 9-11 сынып оқушыларының арасында әскери-патриоттық жарыс өтті. Мақсаты мектеп оқушыларына әскери патриоттық тәрбие беру. Әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту. АӘДТ жетекшісі Тлебалдин М.Ж
"Жас тілші" қашықтық байқауы
05
февраль
2021
"Жас тілші" қашықтық байқауы
Мектептің "Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған 8-11 сынып оқушыларына арналған мектепішілік "Жас тілші" қашықтық байқауына қатысып, өзіңнің мүмкіндігіңді көрсет, жүлдегер бол!