Қалалық семинар » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-18-64
Есепші бөлімі:
+7(7222) 52-18-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
апрель
2022

Қалалық семинар

2022 жылғы 25 наурызда "№36 ЖОББМ" КММ  директорлардың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін "Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс ерекшеліктері" тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жүргізудегі іс -  тәжірибемен алмасу.
 Семинар жұмысына Семей қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Н.А. Фесенко, мектепке дейінгі және орта білім беру секторының меңгерушісі Г. К. Нургалиева, қалалық және ауылдық мектеп директорларының оқу – тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Мектеп директоры Г.Б. Султанов ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың толыққанды балалық шаққа, жалпы білім беру жүйесінде тең білім алуға құқылы  екенін атап өтті. Сондай – ақ, ерекше білім беруді қажет ететін  оқушылармен жұмыс жүргізетін педагогтардың жұмысына ерекше назар аударды.
Директордың оқу – тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. С. Нургалиева өз сөзінде  мектепте құрылған психологиялық – педагогикалық қолдау  қызметінің негізгі бағыттарын атап өтіп, жүргізіліп жатқан жұмыстарға кеңінен тоқтады.
Семинар барысында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметіндегі инклюзияны қолдау кабинетінің рөлі туралы  кабинет меңгерушісі А. Т. Браун айтып берді, сондай-ақ ППҚ қызметіндегі мамандардың жұмысы / Бутанова А. С, логопед; Битимбаева Ш. Е., дефектолог/, ерекше білім беруді қажет ететін  оқушыларға арналған  оқу жоспарларын құру / Нурашева Э. Н., ИҚК әдіскері/, педагог – ассистенттердің қызметі /Темірғалиева Б. Х./. тренингтер, бейне шолу,көрініс қою өткізілді / Кәрімова С. Е., Тынышбекова А. Ш./.
Семинардың практикалық бөлімінде бастауыш сынып мұғалімі Жумашева Г.Ж., тарих пәні мұғалімі Елеусизова Г. С., қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Джобалаева Ж. Т., орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Акемиева А. Т., тарих пәні мұғалімі Тайбурова К. К. өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарды мектеп психологтары Салықова Қ. Қ., Бексұлтанова Ж. Қ. "Әуе шарлары" тренингімен аяқтады. Жүргізілген кері байланыста  қатысушылар семинардың қызықты, нәтижелі жұмысын атап өтті.












Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив