Тәрбие » Страница 22 » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Коммунальное государственное учреждение
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 52-18-64
Бухгалтерия
+7(7222) 52-18-64
Версия для
слабовидящих
"Мектепке кітап сыйла" акциясы
23
апрель
2021
"Мектепке кітап сыйла" акциясы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ұйымдастырылған "Мектепке кітап сыйла" акциясы. 
Мектепішілік "Лучший оқырман" қашықтық байқауы
19
апрель
2021
Мектепішілік "Лучший оқырман" қашықтық байқауы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ұйымдастырылған мектепішілік "Лучший оқырман" байқауы 2-11 сынып оқушыларының арасында қаңтар-сәуір айлары аралығында жүргізілді. Оқушылар өздерінің оқыған шығармалары жайында оқырман күнделігін толтырып, шығарманы оқу кезінде алған әсері мен тәрбиелік мәні жайында жазды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ орын мақтау қағаздарымен және үздік жұмыстар "Лучший оқырман" төсбелгісімен марапатталды. 
Дүниежүзілік кітап күні
16
апрель
2021
Дүниежүзілік кітап күні
23 сәуір - Дүниежүзілік кітап күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп кітапханашысы Мария Михайловна Рябченко сыныптар арасында кітапханалық сабақтар өткізді. Сабақ барысында оқушыларға кітап күнінің шығу тарихы мен авторлық құқық жайында, кітап арқылы білімге жол тарту, құндылықтар арқылы жетістікке жету, мәдени көзқарас қалыптастыру жолдары жайында сөз қозғап, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты көптеген қызықты жұмыс түрлерін көрсетті.
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні
07
апрель
2021
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебіміздің "Өзін-өзі басқару" ұйымының мүшелері мектеп оқушыларына күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы, тазалық, коронавирустық инфекциядан сақтану шаралары, зиянды заттар, салауатты өмір салты тақырыптарында жұмыстар жүргізіп, жадынамалар таратты. Сақтық шараларының сақталуын қадағалау барысында рейд ұйымдастырды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
02
апрель
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған қалалық әскери-спорттық жарыста І орын алғаны үшін мектебіміздің мақтанышы, 9"А" сынып оқушысы Алибекова Динаны құттықтаймыз. Әскери жетекшісі Тлебалдин Мейіржан Жасұланұлы.
30 наурыз - Отбасылық үстел үсті ойындары күні
30
март
2021
30 наурыз - Отбасылық үстел үсті ойындары күні
"Қазақстан балалары - көктем шақырады!" оқушылардың көктемгі демалысын ұйымдастыру жоспарына сәйкес 30 наурыз күні "Отбасылық үстел үсті ойындары күні" орай мектеп оқушыларының арасында "Біз үйде ойнаймыз" атты шара өтті. Атаулы күн отбасылық қатынастардың беделін арттыруға, бірлікке шақырады. 
27 наурыз - Отбасылық кино көру күні
27
март
2021
27 наурыз - Отбасылық кино көру күні
"Қазақстан балалары - көктем шақырады!" оқушылардың көктемгі демалысын ұйымдастыру жоспарына сәйкес 27 наурыз күні "Отбасылық кино көру күні" өтті. Атаулы күнде оқушылар өздерінің бір күндерін отбасымен кино көруге арнап, қызықты сәттерінен фото, видеолар жолдады.
25 наурыз - Шымырлық пен шеберлік күні. "Толағай" ұлттық ойындар сайысы
25
март
2021
25 наурыз - Шымырлық пен шеберлік күні. "Толағай" ұлттық ойындар
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай және 25 наурыз - "Шымырлық пен шеберлік күні қарсаңында" мектебімізде 5 сынып оқушыларының арасында "Толағай" ұлттық ойындар сайысы өтті. Мақсаты: ұлттық құндылықтарды насихаттау, салауатты өмір салтын дамыту. Ұлттық ойын түрлерін жаңғырту. 
23 наурыз - "Жоралғы күні"
23
март
2021
23 наурыз - "Жоралғы күні"
"Қазақстан балалары - көктем шақырады!" оқушылардың көктемгі демалысын ұйымдастыру жоспарына сәйкес 23 наурыз күні "Жоралғы күні" өтті. Атаулы күнде оқушылар өздерінің жақындарын қуанышқа бөлеу мақсатында қолда бар материалдардан сыйлықтар жасап ұсынды. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
20
март
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
"Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" сайысына қатысып, жүлделі І орын 6"А" сынып оқушылары Жақсылықова Аңса, Ерланқызы Дильназ, Еркінова Бағымды жеңістерімен құттықтаймыз. Жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байшуақова Бекзат Қалымхановна.